02
Желтоқсан

Жолдауда мәлімделген стратегиялық бағыт Назарбаевтың нарықтық революциясы деп аталуға толық құқы бар - 'Ақ жол' ҚДП


2015 жылдың 30 қарашасы 
 
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы Елбасының, Президент Назарбаевтың Қазақстан халқына бүгінгі ««Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын Президиумда және партияның парламенттік фракциясында талқылап, Елбасы белгілеген дағдарысқа қарсы және құрылымдық жаңарулардың әлеуметтік-экономикалық бес бағытының нарықтық және либералдық сипатын айрықша атап өтеді.
 
Қаржылық реттеу саласында, бұл:
 1.қаржы секторының тиімділігін қамтамасыз ету және екінші деңгейдегі банктерді жұмыс істемейтін  несиелерден тазарту;
 2.Ұлттық валютаға сенімді қалпына келтіру және инфляцияны ауыздықтау;
 3.Біртұтас ұлттық зейнетақы қорының қаржыларын Ұлттық банктың басқаруынан шығару және зейнетақы активтерін жеке компаниялардың басқаруына беру.
 
Бюджеттік саясатты оңтайландыру саласында – Президент Н.Назарбаевтың келесілерді істеу керек деген мәлімдемесін қолдаймыз:
 1.Қаржылық мүмкіндіктер бойынша өмір сүру, бюджеттің тиімсіз шығындарын оңтайландыру;
 2.Ұлттық қор қаржыларын ағымдағы шығындарға пайдалануды тоқтату;
 3.Шетелдерге шығарылған ақшаларды қайтаруды қамтамасыз ету.
 
Бәсекелестікті ынталандыру саласында:
 1.Экономикаға мемлекеттің қатысуын қысқарту;
 2.Мемлекеттік меншіктегі ұйымдардың бәрін қоса отырып, жекешелендірудің жаңа бағдарламасын жасау, олардың ішінде, «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек» және «ҚазАгроға» кіретіндері де бар.
 3.Еркін және саламатты бәсеке үшін жағдайлар жасау;
 4.Жеке және заңды тұлғалар үшін банкроттықтың ресімдерін жасау.
Инвестициялық ахуалды жақсарту саласында:
1.Инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша Үкіметтік Кеңес құру;
2.Кәсіпкерлікті қолдаудың «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын макроөңірлердің инвестициялық бағдарламаларына бейімдеу;
 3.Жақын маңдағы елдердің экономикалық потенциалын пайдалану.
Әлеуметтік саясат саласында:
 1.Өнімді еңбек және жұмысшы мамандықтарының әлеуметтік мәртебесін көтеру;
 2.Жалпыға бірдей тегін кәсіби-техникалық білім беруді енгізу.
 
Барлық аталған мәселелер бойынша ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Ақ жол» партиясының депутаттары бірнеше рет депутаттық сауалдармен шыққан. Мәселен, Біртұтас ұлттық зейнетақы қорының қаражаттарының тиімсіз басқарылуы және оны басқаруды Ұлттық банктен – Үкіметке берудің қажеттігі мәселелері бойынша 5 депутаттық сауал, Қазақстаннан сыртқа шығарылған қаржыларды қайтару жөнінде (көлемі халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша 140 млрд. доллар) – 10-ға жуық; экономикаға мемлекеттің қатысуын шектеу және адал бәсекелестікті қорғау туралы – одан да көп. Еңбек адамының әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру туралы бір ғана дерек келтірсек, нақ біздің депутаттардың сауалы бойынша Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына жеке мол үлес қосқан адамдар үшін «Еңбек ардагері» құрметті атағы  қалпына келтірілді.     
Осыған байланысты «Ақ жол» ҚДП-сы Президенттің Бес Стратегиясын және оның мемлекетті одан әрі реформалаудың либералдық және нарықтық тәсілдемелерін пәрменді түрде қолдайтыны туралы мәлімдейді. 
Елдің дамуы маңызды қозғаушы күш ретінде жеке бастаманы тірек тұтуы тиістігі туралы Н.Ә.Назарбаевтың айтқан сөзі – бұл өзгерістердің қарышты және табанды сипатына деген сенімімізді бекіте түседі.
Қазіргі Жолдауда мәлімделген стратегиялық бағыт Назарбаевтың нарықтық революциясы деп аталуға толық құқы бар.
Кәсіпкерлер мен жеке бизнестің мүдделерін қорғайтын «Ақ жол» демократиялық партиясы аталған Жолдауды іске асыруға жеке үлесін қосуға әзірлігін мәлімдейді және мемлекетті одан әрі қарай дамытудағы кәсіпкерліктің рөлі туралы жоғарыбағасы үшін Елбасына, Президент Н.Ә.Назарбаевқа шын жүректен ризашылығын білдіреді, ал біз оны өзіміздің күн сайынғы еңбегімізбен ақтауға міндеттенеміз.