Азат Перуашев – кейбір жағымсыз факторларға қарамастан үкімет елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың дамуын бақылауда ұстап отыр
25 қараша 2015 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Кейбір жағымсыз факторларға қарамастан үкімет елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың дамуын бақылауда ұстап отыр – бұл туралы Азат Перуашев Мәжілістің ағымдағы жылдың бюджетіне байланысты пленарлық отырысынағы талқылауда мәлімдеді.
Естеріңізде болса, өткен жылдың 19 қарашасында 2015-2017 жылдарға арналған бюджет жобасын талқылау отырысында «Ақ жол» партиясының жетекшісі ағымдағы процестерді неғұрлым шынайы бағалау қажеттілігі туралы «Несие берудің бәсеңдеуі, тұтынудың арта түсетін тәуекелдерін ескеріп, макроэкономиканың тұрақтылығын сақтау және инвестицияларды қысқартуды» ұсынған болатын. Сол кезде Азат Перуашев «ойланбастан артық қаражат жұмсау кез-келген отбасыны, кез-келген компанияны және кез-келген мемлекетті ақыр соңында келеңсіздікке әкеліп соқтырады»,-деп атап айтқан болатын.
Талқылау барысында демократиялық фракцияның жетекшісі «біздің нақты макроэкономиканың көрсеткіштері мен шығындарына сын көзбен қарағанымыз расталды. ЖІӨ–нің өсімі 1,5% көлемінде мөлшерленсе, нақты 1,2% мөлшерінде анықталған. Бюджет шығындарын 66,5 млрд теңгеге қысқарту ұсынылды. Біздің фракция мұндай қолайсыз болса да тиімді әдісті тек қана қолдайды», -деп атап көрсетті.
Ол сондай-ақ, мынадай «қызық» бақылау жасағанын айтты - «Импорттың қысқаратынын Ұлттық банк ақпан айында болжаған... ал бұл болжамнан бұрын теңге әлдеқашан құбылмалы айырбас бағамына өтіп кеткен болатын», осы деректер бойынша, Ұлттық банк инфляция мен теңгенің еркін айналымға өтуін шектеуді тағы да ақпан айында жоспарлайтын шығар.
Азат Перуашев – бюджетті анықтаудағы келеңсіз жағдайлар жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің доллармен байланысы «бізді 2010 жылғы дәрежеге шегереді, жақын келешектегі экономикалық жақсаруды сөзсіз қиындатады»,-деп атап өтті.
«Үкімет соңғы айлардағы төменгі баға көрсеткіші негізінде бюджеттің базалық нұсқасын бір барреліне 50 доллар бағамымен сақтап қалуды ұсынды. Бірақ бренд фьючерлері қараша айында бір барреліне 47-43 долларға түсті», депутаттың пікірінше «бұл есептеулердің дәлдігі туралы күмән баршылық».
«Анықталған болжам тау-кен өнеркәсібін қоспағанда, барлық материалдық өндіріс салаларында оң өсімді көрсетеді. Дегенмен бұл көрсеткіштер девальвация процесін ескерсек экономикалық өсім мен табиғи өсім көлемін теңгенің жаңа айырбас бағамымен есептесек тым оптимистік көрсеткіш болып көрінеді. Бұл есептен гөрі нақты жағдай анағұрлым күрделі болып отыр, - деді Перуашев. Экономика вице-министрі Марат Құсайыновтың баяндамасынан үкімет кейбір жағымысз факторларға қарамастан елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың дамуын бақылауда ұстауға дайын» деген қорытынды шығаруға болады.