Бюджеттік жоспарлаудың сапасының төмендігі мен бюджеттік тәртіптің әлсіздігі қайталана беретін девальвацияға әсерін тигізуде - Азат Перуашев
2015 жылдың 2 қыркүйегі, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Қайталанатын девальвацияға сондай-ақ бюджеттік жоспарлаудың төмен сапасы мен бюджеттік тәртіптің әлсіздігі әсерін тигізеді. Оған тек бюджет қаражаттарының дұрыс пайдаланылуы арқылы ғана қарсы тұруға болады – деп жариялады 'Ақ жол' партиясының төрағасы Азат Перуашев өзінің Форбс.кз сайтында басылған 'Адал саяси экономия' атты мақаласында.
'Тек мемлекеттік органдар ғана емес, сонымен қатар олардың мемлекеттік кәсіпорындардағы «еншілестері» де табиғатта жоқ баптарға, мысал үшін, ... орнатылмаған құрылғы аммортизациясын қалыпқа келтіруге шығындар жұмсайды, бұл жерде тіпті әр бухгалтердің амортизацияның басынан бастап тауар құнында болатынын және оның еш қосымша төлемді қажет етпейтінін білетінін атап өту қажет. Бұдан басқа мемлекеттік емес міндеттермен, дәлірек айтқанда біреулердің арамтамақтығымен тізбектелген серіктестіктердің ойлап тапқан көптеген басқа да 'жаңалықтары' бар.
Бұл жерде бюджетке жауаптылардың өздеріне келетін барлық тапсырыстардың негізділігін ешбір талдаусыз тек механикалық қана жиынтықтайтыны жөнінде пікір ұялайды. Мемлекеттік кәсіпорындардың бірінің жарғылық капиталын ұлғайтуға арналған ауқымды қаражаттардың негіздемесі ретінде дәл осылайша жазылған – мысал үшін кеңейту үшін не жаңа құрылғыны сатып алу үшін емес, «жарғылық капиталды ұлғайту үшін». Яғни, шығындарға арналған шығындар. Әрі ол норма болып қалыптасып келеді.
Басқа мысал: кәсіпкерлердің айтуынша, бірқатар облыстардың құрылыс басқарламалары сумен қамту жүйелерін құру бойынша тендерлерді экономика минитрлігінің бекітуін күтпестен бюджеттік несиелеу жолымен өткізген («Нұрлы жол» бағдарламасы аясында). Кімнің жеңетінін өздері-ақ шешіп отырса, оларға Ережелердің қажеті не?
Бұның барлығы бюджеттік шығындарды жоспарлау және бюджеттік тәртіпті жеткіліксіз бақылау аясындағы туындаған мәселелердің бар екенін дәлелдейді,
ол қазіргі жағдайларда тіпті мүмкін емес', - деп есептейді Азат Перуашев.
Толық мәтінімен осы жерде танысуға болады:
Азат Перуашев: Адал саяси экономия. 1 бөлім
Азат Перуашев: Адал саяси экономия. 2 бөлім
Азат Перуашев: Адал саяси экономия. 3 бөлім
Не осы жерде: