«Ақ жол» «БТА Ипотека» және «Астана финанс» ипотекашылардың құқығын оларды қайта қаржыландыру Бағдарламасына енгізуде қорғап шықты
2015 жылдың 19 тамызы, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
«Ақ жол» «БТА Ипотека» және «Астана финанс» ипотекашылардың құқығын оларды қайта қаржыландыру Бағдарламасына енгізуде қорғап шықты.
А.ж. 30 маусымында ҚДП төрағасы А.Перуашевтың атына ҚР Ұлттық банкінің ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру Бағдарламасын енбей қалған «БТА Ипотека» және «Астана финанс» ипотекашыларынан ұжымдық шағым түскенін еске саламыз. Нәтижесінде, бұл азаматтардың проблемалары мен қиын әлеуметтік жағдайларын шешу үшін мемлекетпен қаржы бөлінгеніне қарамастан, оларды пәтерлерінен шығару жалғастырылды.
13 шілдеде А.Перуашев аталған азаматтар тобын қолдап, Ұлттық банктің төрағасы Қ.Келімбетовке хатпен шықты, онда Конституцияда кепілдендірілген азаматтардың тең құқығын қамтамасыз етудің қажеттілігі көрсетілді.
«Олардың Бағдарлама тізіміне енген басқа қаржы ұйымдарының қарызгерлері секілді қайта қаржыландыруға дәл сондай мүмкіндіктері болуы тиіс, - деп атап өтілген А.Перуашевтің хатында. – Үндеухатта қойылған проблемаларды оң шешу үшін барлық мүмкін шаралар қабылдауыңызды сұраймын».
А.ж. 18 тамызында Ұлттық банк төрағасының міндетін атқарушы К.Қожахметовтен мәселенің оң шешілгені туралы хабармен хат алынды.
«Қазіргі кезде «Казкоммерцбанк» АҚ («БТА БАНК» АҚ-ның құқықтық мирасқоры) және «БТА Ипотека» АҚ арасындағы тиісті келісімге қол қою рәсімі жүргізілуде. Осыған байланысты Бағдарламаның шарттарына жататын «БТА Ипотека» қарызгерлері «Казкоммерцбанкпен» қайта қаржыландырылады», - деп хабарлады Ұлттық банк басшылығы.
«Астана-Финанс» ипотекашыларына қатысты Ұлттық банк «Астана-Финанс» ипотекалық ұйымы» АҚ 2011 жылы өз еркімен лицензияны қайтарып берген және қазіргі кезде Ұлттық банк тарапынан реттеуге жатпайды деп атап өтеді.
Солай бола тұрса да, «Ақ жол» партиясының үндеухатының нәтижелері бойынша, Ұлттық банкпен сондай-ақ «АФ Ипотека» АҚ қарызгерлерін қайта қаржыландыру Бағдарламасына енгізу мәселесі де қаралуда.
«Ақ жол» ҚДП және оның парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнаманы және сайлаушылар мүдделерін қорғауды іске асыру бойынша жұмысын жалғастырады.