Киіктердің жаппай қырылуы аясында «Ақ жол» партиясы бұл жануарлардың ауруларын зерттеп оны алдын алуға, сонау 2012-2014 жылдарда бөлінген 332 млн. теңгенің қолдану тиімділігінің басын ашуды сұрайды
2015 жылдың 9 маусымы, «Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі
Киіктердің жаппай қырылуы аясында «Ақ жол» партиясы бұл жануарлардың ауруларын зерттеп, оны алдын алуға сонау 2012-2014 жылдарда бөлінген 332 млн. теңгенің қолдану тиімділігінің басын ашуды сұрайды. Кеше Мәжілістің пленарлық отырысында фракцияның тиісті депутаттық сауалын Талғат Ерғалиев мәлімдеді.
«80-жылдарда болған, киіктердің жаппай қырылуының қайталануы қазақстандықтардың үрейін тудыруда.
Бұл мәселе Президент Н.Назарбаевтың төрағалығымен а.ж. 12 маусымында Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысында талқыланды», деп айтылады К.Мәсімовтың атына жолданған депутаттық сауалында.
Депутат, отырыста айтылған Мемлекет басшысының сөздерін келтірді: «Үкімет және жергілікті билік органдары Қазақстанның өңірлерінің қатарында киіктердің жаппай қырылу себебін анықтауға міндетті.
Әр түрлі нұсқалар келтіріліп, қарама-қайшы пікірлер айтылып жатыр. Бұл осы бағыттағы мына жағдайға әкелген толық тәртіпсіздікті, тиісті мамандардың жоқтығын, факторларды анықтай алмау епсіздігін білдіреді».
Сауалда аталып кеткендей, бұл мәселеге жауапты мекемелердің бірі Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты болып табылады. Киіктің популяциясын аурудан сақтандыру және оның алдын алу үшін, институт зерттеулер жүргізеді. Бұл мақсаттар үшін қомақты қаражат бөлінеді.
Ерғалиев мысал ретінде, Білім министрлігіне 332 млн. теңге бөлінген 2012-2014 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасының аумағында мекендейтін киіктер таралымында жұқпалы аурулардың таралуының эпизоотиялық мониторингі және алдын алу әдістерін әзірлеу» Бағдарламасын келтірді. Бағдарламаны орындаушы - ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты.
Зерттеулер шеңберінде киіктер таралымындағы жұқпалы аурулардың эпизоотиялық мониторингін жүргізу, сондай-ақ киіктер ауруларының диагностикасы мен профилактикасының заманауи жедел әдістерін әзірлеу көзделді.
Осыған байланысты «Ақ жол» фракциясының депутаттары бұл бағыттағы, сондай-ақ жоғарыда аталып кеткен 2012-2014 жылдарға арналған Бағдарлама бойынша 332 млн.теңгені мақсатқа сай игеру туралы ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының жұмыстарының нәтижелері жөнінде ақпаратты беруді сұрайды.
«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру бойынша жұмысын жалғастырады.