«Ақ жол» су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету акциясын бастады
2015 жылдың 15 сәуірі, «Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі
«Ақ жол» Қарағанды және Ақмола облыстарында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету акциясын бастады.
Бүгін «Ақжол» ҚДП фракциясының депутат-мүшелерінің бір күндік табысын табиғат апатынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін аудару туралы шешім қабылданды – тиісті хат Мәжіліс спикері Қ.Жақыповтың атына жіберілуге дайын. «Ақжолдықтар» бұл бастаманы басқа фракциялардың депутаттары да қолдайтынына сенімді.
Қазіргі уақытта «ақжолдықтармен» зардап шеккендерге жіберу үшін азық-түлік сатып алынып жатыр – жүк автомобилі а.ж. 18 сәуірінде жіберіледі.
«Ақ жол» өзінің Акциясының шеңберінде табиғат апатынан зардап шеккендерге қажетті заттар жинау туралы хабарлайды: киім, төсек орын қажеттіліктері, жеке тазалық заттары, тұрмыстық химия.
Қабылдау пунктері 2015 жылдың сәуір айының 16-шы 17-ші күндері, 9:00 – ден 18:30-ға дейін келесі мекен –жайлар бойынша жұмыс істейді:
«Ақ жол» ҚДП Орталық аппараты: Астана қаласы, Сарайшық көшесі, 11, 5-ші кеңсе.
Байланыс телефоны: 8 7172 602-682, 8 701 807 01 77, 8 701 807 01 18.
Қарағанды облыстық филиалының кеңсесі: Қарағанды қаласы, Бұхар-Жырау көшесі, 49, 500-ші кеңсе, «Қазақстан» БО.
Байланыс телефоны: 8 7212 90 88 19, 360-700.
Ақмола облыстық филиалының кеңсесі: Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 213, 2 қабат, 8-ші кеңсе.
Байланыс телефоны: 8 7162 76 33 83, 33 17 83.