2018 жылғы 18 наурыз,«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Ұлыстың ұлы күндерінде 16 және 18 наурыз аралығында Ақмола облысы Ерейментау қаласында дзюдо күресінен IX дәстүрлі республикалық турнир өтті. Бұл іс-шараның басты мақсаты – Ерейментауда күресті дамытуға еңбек сіңірген бапкерлерді еске алып, олардың спорт шыңында жеткен жетістіктерін жас ұрпаққа дәріптеу.
Осынау турнирге 9 облыстан 19 команда қатысты. Барлығы 300-ден астам дзюдошылар татамиде шеберліктерін көрсетті. турнир қатысушылары белсене атсалысты. Дәстүрлі турнирдің жеңімпаздарына және жүлделі орын иегерлеріне «Спорт шеберлігіне үміткер» атағы берілді.
Аталған турнирге қазақстандық алты Әлем чемпиондары мен дзюдодан 2008 жылғы Пекин олимпиадасының күмісін иеленген Асхат Житкеев сынды азаматтар құрметті қонақ ретінде келіп, жасөспірімдерге сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, турнир қатысушылары, сондай-ақ арнайы келген қонақтар мен көрермендер қазақстандық спорттың дамуына сүбелі үлесін қосқан Ерейментау бапкерлері – Бауыржан Абдрахманов, Мұрат Матышев, Қайрат Шарипов және Рүстем Ибраев сияқты спорт шеберлерін зор мақтанышпен еске алды.
Ерейментау турниріне сондай-ақ «Ақ жол» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев пен Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов қатысып, жас спортшыларға ақ жол тіледі.