28
Наурыз

Санат жоқ 28.03.2018

Орны толмас қайғыға душар болған сіздерді жұбатуға біздің қауқарымыз жетпес, дегенмен мұндай қаралы күнде сіздермен біргеміз – Мәжіліс отырысында «Ақ жол» фракциясы ресейліктерге көңіл айтты

2018 жылғы 28 наурыз, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

Бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында депутат Азат Перуашев «Ақ жол» фракциясының атынан Кемероводағы қайғылы оқиғаға байланысты ресейліктерге көңіл айтты.

          

«Баршаңызға мәлім, бұл күндері мыңдаған қазақстандықтар Ресейдің ондаған азаматтарының, соның ішінде басым бөлігі балалардың өмірін жалмаған Кемерово қаласындағы өрт апатында қаза болған құрбандардың туған-туысқандары мен жақындарының қайғысына ортақ екенін жеткізіп, көңіл айтуда. Осыған байланысты бүгін Ресейде жалпыұлттық Аза тұту күні жарияланды.

«Ақ жол» фракциясы зардап шеккендердің отбасына көңіл айтып, көршілес елдің қайғысына ортақтасады.

Орны толмас қайғыға душар болған сіздерді жұбатуға біздің қауқарымыз жетпес, дегенмен мұндай қаралы күнде сіздермен біргеміз», - деп атап өтті фракция жетекшісі.