24
Ақпан

Қоғамдық ғимараттарды автотұрақтармен қамтамасыз ету нормалары көбейтіледі – Ұлттық экономика министрлігінен «Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалына жауап алынды

 
        2015 жылдың 24 ақпаны, «Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі
Қоғамдық ғимараттарды автотұрақтармен қамтамасыз ету нормалары көбейтіледі – Ұлттық экономика министрлігінен «Ақ жолдың» а.ж. 21 қаңтарда Мәжілістің пленарлық отырысында автұрақтардың жеткілікті санының жоқтығы туралы жарияланған, депутаттық сауалына жауап алынды.

«Мәселе мынада, бүгінгі күнде Қазақстанды қоғамдық ғимараттардың жанында ашық тұрақтардың санын алаңының көлеміне немесе оларға келіп-кетушілерді есепке ала отырып анықтау бойынша нормалар жоқ, - деп сауалда атап көрсетілген болатын. –Егер де шетелдік нормаларды біздің әкімшілік, сауда, ойын-сауық кешендеріне, іскерлік және бизнес орталықтарына қолдансақ, онда: сол «Керуеннің» өзіне қазіргісінен гөрі 3 есе үлкен ашық тұрақ орны, ал «Артем» базарына бүгінгісінен 10 есе үлкен орын керек».
«Ақ жол»  депутаттарымен жарияланған проблема уәкілетті органда түсінушілік тапты.
Жуырда  Ұлттық экономика министрлігінен алынған ресми жауапта, бұл автотұрақтармен қамтамасыз ету өзекті мәселесі бүгінгі күнде көбінесе  назардан тыс қалуда деп аталып өткен. Бос жер телімдерінің тапшылығына, сондай-ақ бас жоспарлардың уақытында әзірленбеуіне байланысты, автотұрақтармен қамтамасыз етудің белгіленген нормалары сақталмайды.
«Министрлікпен мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірге құрылыс нормаларына  автотұрақтармен қамтамасыз етудегі есептеулерді  қосымша ұлғайту  бөлімінде қажетті түзетулер дайындалады, сондай-ақ тұрғын және қоғамдық ғимараттардың жанындаашық және жабық тұрақ орындарының пайыздық арақатынасының белгіленуі болады», - деп айтылған министр Е.Досаевпен қол қойылған хатта.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы  сайлау алдындағы тұғырнаманы және сайлаушылар аманаттарын іске асыру бойынша жұмысын жалғастырады.