«Ақ жол» Президенттің «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауындағы белгіленген тұрғын үй саясатындағы жаңа тәсілдемелерді қолдайды
2014 жылдың 18 қарашасы, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
«Ақ жол» Президенттің «Нұрлы жол - болашаққабастаржол» Жолдауындағы белгіленген тұрғын үй саясатындағы жаңа тәсілдемелерді қолдайды – бұларды Азат Перуашев өткен бейсенбіде өзінің Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде сөйлеген сөзінде позитивті жаңашылдық деп атады.
«Тұрғынүйқұрылыс жинақ банк» АҚ жүйесіндегі, жалпы ипотекалық несиелердің саласындағы проблемалар туралы «Ақ жол» партиясының депутаттары соңғы бір жарым екі жыл көлемінде көтеріп келеді, ал өткен жылы бұл жағдай Мемлекет басшысының әділ сынына ұшырады және қазіргі күні «жіберген қателіктерімен жұмыс» жүргізілуде – деп еске салды ол.
«Бүкіл әлемде, ипотека, мұны тіпті Европалық өлшеммен қарағанда да, жоғары табысты адамдар үшін тұрғын үй алу мүмкіндігі болып саналады – деп атап өтті А.Перуашев. Алайда біздің елде мемлекетпен берілетін тұрғын үйдің жетіспеушілігі аз мөлшердегі табыстары бар азаматтарды ипотекаға баруға мәжбүрлеп отыр, нәтижесінде ипотеканың шарттары оларды жоқшылыққа ұшыратып, дүние мүліктерінен айырып және әлеуметтік шиеленіске әкелуде».
«Тіпті, бақуатты деген европа мемлекеттерінің 60 және одан да жоғары % адамдары мемлекет салып берген және ұсынған жалдамалы пәтерлерде өмір сүреді.
Сондықтан да ипотекаға ең дұрыс балама тұрғын үй мәселесін мемлекеттік құрылыс есебінен шешу болар еді. «Ақ жол» партиясы осы тәсілдемені Қазақстанда да пайдалануын шындап қолдайды. Бұл өте маңызды, өйткені қарапайым адамдардың мүдделерін көздеген бұл тапсырманы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында беріп отыр».