23
Қазан

«Ақ жол» мал шаруашылығын жем-шөп базасымен қамтамасыз ету үшін сорго дақылын өсіруді ынталандыруды ұсынады

 
2014 жылдың 23 қазаны, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
«Ақ жол» мал шаруашылығын жем-шөп базасымен қамтамасыз ету үшін сорго дақылын өсіруді ынталандыруды ұсынады – фракцияның депутаттық сауалын кеше Мәжілістің пленарлық отырысында Меруерт Қазбекова мәлім етті. Төменде ҚР Премьер-министрі К.Мәсімовке жолдаған фракцияның депутаттық сауалының толық мәтіні келтіріледі.        
 
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
К.Қ.Мәсімовке
 
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!

Мал шаруашылығын дамытудағы өзекті проблемалардың бірі болып ауылшаруашылығы малдарының барлық топтарын азықпен қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан азық өндірісін жетілдіру және дамыту маңызды әлеуметтік-экономикалық міндеттердің бірі болып табылады.
Өзінің Қазақстан Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: 'Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ' Жолдауында Мемлекет басшысы атап өтті:
«Қазақстан ет, сүт  және егіншіліктің өнімдері бойынша аса ірі аймақтық экспорттаушы ел атануы қажет. Өсімдік шаруашылығындағы өнімділігі аз, бірақ суды көп шығындайтын дәнді дақылдардың көлемін біртіндеп қысқартып, оларды көкөніс, майлы және жем-азық өнімдеріне ауыстыратын боламыз».
Сапалы жем-шөп базасы фермерлік шаруашылықтардың ішкі ресурстарының есебінен құрылуы және нәрлі заттектердің барынша арзан көздерін кіргізуі тиіс. Сапалы азықты өндіруді құрғақшылық жылдарында да өніммен қамтамасыз ете алатын көміртек пен энергиясы мол құрғақшылыққа төзімді дақылдарды егу есебінен, көбейтуге болады. Мұндай түрге сорголық дақылдар жатады.
FAU мәліметі бойынша, 2010 жылдан бастап сорголық дақылдар дәнді-дақылдар өндіру көлемі бойынша бидай, күріштен, жүгеріден және арпадан кейінгі бесінші орында. Соргоның  әлемдегі басты өндірушілері АҚШ, Нигерия, Судан, Мексика, Қытай, Үндістан, Эфиопия, Аргентина, Бразилия және Австрия болып табылады.
Бүгінгі күні елде қолданылуға рұқсат етілген ҚР селекциялық жетістіктерінің  Мемлекеттік тізілімінде қант соргосы және соргоның құрғақшылыққа төзімді әрі жоғары өнімді сорты мен гибридтері жоқ. Дән соргосы крахмалдың жоғарғы құрамының арқасында үлкен потенциалға ие. Сонымен қатар жемнің құнарлылық құндылығы жоғары болған сайын, малдардың өнімділігі жоғары және мал шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құны төмен. Ғылыми зерттеулер дән соргосын сүтті және етті мал үшін шоғырландырылған жем ретінде пайдаланған жөн екенін көрсетті.
Барлық көрсеткіштер бойынша, сорго – бұл перспективті жемдік дақыл. Қазақстанның құрғақ облыстарында төмен өнім беретін немесе мүлдем өнімсіз бидай немесе арпамен салыстырғанда дән соргосының маңыздылығы едәуір жоғары.
Жапырақты-сабақты массаны мал жаю үшін пайдалануға болады, сүрлем шөп дайындау үшін қолдануға болады, сондай-ақ жем ретінде құрғатылған және ұсақталған түрінде пайдалануға болады.
Осыған байланысты, біз дән соргосы – бұл, ең алдымен, жемдік дақыл деп есептейміз. Оны өсіре отырып, ауыл шаруашылығы тауарларын  өндірушілер елдің жемдік базасын қамтамасыз етуде үлкен үлес қосады.
Биылғы жылы жемдік дақылдарға мемлекеттік субсидиялардың едәуір өскенін атап өткен жөн. Осылайша, жемдік дақылдың бір гектарына 4 600 теңге келеді.
Сорго азықтық дәнге теңестірілген және ауыл шаруашылығының дақылдарын субсидиялау кезінде фермерлік шаруашылық оған дәндік дақыл ретінде субсидия алады, яғни 1 гектарға 400 теңге. Нәтижесінде шаруалардың бұл дақылды өндіруге деген ынтасы азаяды. 
Құрметті  Кәрім Қажымқанұлы! Жоғарыда баяндалғанға байланысты, біз Сізден:
1. соргоны жем-шөп дақыл ретінде рәсімдеу мүмкіндігін және мемлекет тарапынан сәйкесінше субсидиялауды қарастыруды;
2. етті және сүтті мал, шошқа, және құс шаруашылығын қарқынды дамыту үшін жем өндірісі бойынша фермерлік шаруашылықтарды перспективалық дамыту Бағдарламасын дайындауды;
3. сорго  (дәндік, қанттық) тұқымының өндірісін ұйымдастыру мүмкінділігін қарастыруды сұраймыз.
Сауалды қарастыру нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен хабарлауды сұраймыз.

Құрметпен,
«Ақ жол» фракциясының депутаттары