Азат Перуашев: Нарықтық тетіктерге емес, тек мемлекеттік субсидияларға бағдар алған бизнес-жобалар, бұл – асырауда болушылық бизнесінің жаңа формасы
2 қыркүйек 2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Нарықтық тетіктерге емес, тек мемлекеттік субсидияларға бағдар алған бизнес-жобалар, бұл – асырауда болушылық бизнесінің жаңа формасы – деп мәлімдеді Азат Перуашев жақында жеке ТДУ-42 телеарнасындағы сұхбатында.
Жаңа ғана түрлі тақырыптарды көтерген кәсіпкерлермен кездесу болды. Және кейбір сұрақтар бойынша бизнес-стратегияларда әлдебір ұнамсыз ауытқулар белең алғаны көрініп тұр. Мысалға айтсақ, кейде кәсіпкер өндіріп, өнімін сатып және осымен табыс табу үшін емес, субсидиядан немесе дотациядан алып қалудың қамымен айналысады. Жоспарлау кезеңінде-ақ, нарықтық, бәсекелестік тетіктерге, бизнестің өзінің жеткіліктігіне емес, мемлекет жағынан көмек күтуге сүйенуге жасалады. Жобалар бастапқы кезеңнен-ақ пайдасыздыққа, кіріс бөлімін нарықтан емес, мемлекеттен күтетіндей болып ойластырылады. Бұл асырауда болушылықтың жаңа формасы, тек енді әлеуметтік емес, «асырауда болушылық бизнесі» деп айтуға да болар.
А.Перуашевтің пікірі бойынша бұл тұйыққа тірейтін және қауіпті жол. «Кез келген өндірістің де соңғы мақсаты – ол үшін жай субсидия алу емес, өнімдердің нарықта сатылуы. Одан басқа, бұл бизнесті қолдау үшін бөлген мемлекеттік қаржыны тиімсіз пайдалану жолы. Бұл дегеніңіз, бюджеттік қаржыны алу үшін зиянды жобаларды әдейі «итермелеп» отырғандар тарапынан жемқорлықтыққа апаратын жол, - деп атап көрсетті ол. – Және бизнесті қолдау жөніндегі саясатты жүргізетін мемлекеттік органдарға, мемлекет және бизнестің мүдделер теңгерімін бұзбау үшін, бизнестің тыныс-тіршілігін сезініп, оны қолда берік ұстау қажет.
Егер кәсіпкер бизнеске нарықта сұранысы, өзінің тұтынушысы бар, өнімді шығару үшін барып, мемлекет тек оған аяғынан тұрып кету үшін ғана көмектессе – бұл қалыпты жәйт және дұрыс. Ал егер де тура сол бизнесмен бизнестің өзінің кірісін айрықша есепке алмай, мемлекеттен белгілі бір соманы тоқтаусыз алуға ғана бағдарланса – онда мұндай жоба бәсеке алаңында ә дегеннен-ақ өміршең бола алмайды. Бірақ оны кейін басқа салық төлеушілердің мойнына артып қоюға тура келсе, онда неге тиімсіз кәсіпорындарды көбейте береміз?»
«Сонымен қатар барлық мемлекеттік бизнесті қолдау шаралары кәсіпорындарға дейін жетеді және өте тиімді деп те біз, өкінішке орай, айта алмаймыз,- деді «Ақ жолдың» көшбасшысы. – Көптеген мысалдар бар, құрылған мемлекеттік институттар өздерінің мандатын бастапқы кезден-ақ орындамайды. Айқын мысал: бір кезде ауыл шаруашылығындағы даму институттары ауыл үшін қолжетімді қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін құрылған, ал оларға банктер мүлдем кіріскен де жоқ, немесе несиені қамсыздандыру кепілдіктеріне ауылдық жылжымайтын мүліктерді немесе техниканы қабылданбайтындай етіп ауыр шарттар қойды. Бірақ бүгін де ҚазАгро аясына біріккен, бұл қорлар, АҚ, ЖШС және сол сияқтылар бюрократтық талаптармен бүркемеленіп алғаны соншалық, фермерге банктен барып несие ала салу оңайырақ. Іс жүзінде біз мемлекетпен бөлінген мол қаржылар қомақты көлемінде ауылға дейін жетпейтінін, банктердің шоттарында жататынын көріп отырмыз, олар арқылы әлде бір кіріс алынады-мыс, деп бізді алдарқатады. Бұл кіріс осы қорлардың қызметкерлерін жоғары жалақымен қамтамасыз етеді, ал олардың мақсаты мен міндеті мемлекеттік қаржыға рентаны «қию» емес, осы қаржыны ауыл шаруашылығына құйып, біздің елде қосымша құн құру үшін қызмет ету еді.
«Және тіпті Қазақстанды Ресейге тамақ өнімінің әлеуетті экспортшысы ретінде қарастырмай отырғаны – мұны сырт көздің біздің ауыл шаруашылығындағы істеріміздің ахуалына көзқарасы және барлық осы «ҚазАгро» және оның толып жатқан еншілес ұйымдарына берілген айқын бағасы деп санауымыз керек», - деді А.Перуашев.