29
Тамыз

Біздің конституциямыздың және мемлекетіміздің тұрақтылығының маңызы көршілерімізде конституциялық құрылыстың негіздері шайқалып тұрған тұста, азаматтардың өмірге, қауіпсіздікке және жекеменшікке құқықтарының ең негізгі конституциялық кепілдіктері қайғылы сынақтарға ұшырап жатқан кезде айрықша айқындала түседі – Азат Перуашев

«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 2014 жылдың 29 тамызы
 
      Біздің конституциямыздың және мемлекетіміздің тұрақтылығының маңызы көршілерімізде конституциялық құрылыстың негіздері шайқалып тұрған тұста, азаматтардың өмірге, қауіпсіздікке және жекеменшікке құқықтарының ең  негізгі конституциялық кепілдіктері қайғылы сынақтарға ұшырап жатқан кезде айрықша айқындала түседі– деп мәлімдеді «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесімен Конституция Күні құрметіне өткізілген бүгінгі Халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде.
«Бүгін мен, біздің әлі де жетілдіріліп болмаған, мінсіз құрылымдардан алыстығымызға қарамастан, біздің халыққа, өзімнің ата-бабаларыма және мемлекетіме өзімнің тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп жатқаным, және біздің Ата Заңымыз бойынша өмір сүріп жатқаным үшін шексіз ризамын. Тәуелсіз Қазақстан азаматы атану құқығы берілгені үшін осы залда отырғандардың көпшілігі өз тағдырына риза және мақтаныш сезімімен бөлісетініне сенімдімін»,- деп атап өтті ол.
Қазақстан демократтарының көшбасшысы атап өткендей, «өзінің мағынасы мен маңызы бойынша бұл мереке Тәуелсіздік Күні және Қазақстан халқы бірлігі Күні тәрізді даталармен бір қатарда тұр. Өткен жылы «Ақ жол» партиясы бұл күндері мемлекеттік тумен түстес ленталарды тағып шығу бастамасын көтерген болатын, уақыт өте келе бұл бастама саяси көзқарастарға және артықшылық берулерге тәуелсіз бүкіл қазақстандықтар үшін жақсы дәстүрге айналады деп үміттенемін»...
 Төменде сөздің толық мәтіні беріледі.