«Ақ жол» партиясының депутаттық сауалына жауап келіп түсті - Қазақстан Республикасының экономикасын оффшорсыздандыру бойынша Үкіметпен шаралар кешені әзірленетін болады
17 маусым 2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» партиясының депутаттық сауалына жауап келіп түсті - Қазақстан Республикасының экономикасын оффшорсыздандыру бойынша Үкіметпен шаралар кешені әзірленетін болады.
16 сәуірде А.Перуашев қазақстан экономикасын оффшорсыздандыруды және жоғары қызметтегі мемлекеттік шенеуніктердің шетелдегі шоттарына қатысты банктік құпияны жоюдың қажеттігі туралы депутаттық сауалды жария еткенін еске саламыз. Фракция Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау және елден қаражатты бақылаусыз алып шығуына бөгет қою үшін, Президенттің бастамашылдығымен жасалған капиталға рақымшылыққа қосымша шара ретінде өз ұсыныстарын жария еткен.
«Ақ жол» партиясының ұсыныстарының ішінде - оффшорлық өлшемдерге кіретін елдермен қосарлы салық салуды болдырмас үшін барлық келісімдерге ревизия жүргізу; салық ақпараттарымен айырбас жөнінде оффшорлық юрисдикциялармен шарттар жасау бойынша жұмысты күшейту бар.
Сонда, «жоғары қызметтегі мемлекеттік шенеуніктерге қомақты бюджет қаражатымен иелік ету сеніп тапсырылғандығын ескере отырып, олардың оффшорлық шоттарына қатысты банктік құпия қолданылмауы тиіс деп есептейміз», - деп атап көрсеткен парламенттік фракция көшбасшысы.
Мемлекеттің және адал бизнестің мүдделерін қорғау үшін «ақжолдықтар» үкіметке «Оффшорлық аймақтар арқылы атқарылатын қызметтерді реттеу туралы» Заң жобасын әзірлеуді және оффшорлық аймақтар арқылы кірісін шығаратын компаниялар үшін мемлекеттік бағдарламаларға, мемлекеттік сатып алуға қатысуға, салық жеңілдіктерін, несиелік субсидияларды, өзге де жеңілдіктермен пайдалануға тыйым салуды ұсынған.
«Ақжолдықтар» өзінің Үкіметке үндеухатында қазақстан экономикасын оффшорсыздандыру үдерісін ынталандыруды қарастырудың қажеттігін атап көрсетеді.
Үкіметтің Премьер-Министр К.Мәсімовтің қолы қойылған жауабында «оффшорлық аймақтар арқылы жүзеге асырылатын қызметтерді заңнамалық реттеу мәселесі экономиканы оффшорсыздандыру бойынша шаралар кешені шеңберінде әзірленетін болады», - деп баяндалады.
Одан басқа, жауапта көрсетілгендей салық салу жеңілдіктері бар (оффшорлық) елдермен салық ақпараттарымен айырбас жөнінде шарттар жасау жоспарлануда.
Сондай-ақ, хатта «Үкіметпен оффшорлық елдерді пайдаланып салықтан жалтарулармен күресте халықаралық тәжірибені ескере отырып, отандық экономиканы оффшорсыздандыру бойынша шаралар қабылданады, - деп хабарланады.
«Ақ жол» ҚДП қазақстандықтардың мүдделері үшін жұмысын жалғастыра береді.