11
Маусым

«Ақ жол» партиясы Қазақстанда квазимемлекеттік секторда отандық өндірушілер үшін жеңілдіктерді Еуразиялық экономикалық одақ аясында сақтауды талап ететін болады – А.Перуашев

11 маусым 2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» партиясы Қазақстанда квазимемлекеттік секторда отандық өндірушілер үшін жеңілдіктерді Еуразиялық экономикалық одақ аясында да сақтауды талап ететін болады – бұл туралы Азат Перуашев жуырдағы ЕАЭО құру мәселелеріне арналған Орталық коммуникациялар қызметінің  брифингі барысында мәлімдеді.
 «Еуразиялық экономикалық одақты құру көптеген оң әлеует әкелетіндігімен бірге, онымен, ішінде экономикалық сипаттағысы да бар, белгілі бір тәуекелдер де қоса жүреді. Мәселен, ЕАЭО елдерінің барлығына мемлекеттік сатып алуға кіру үшін мемлекеттік сатып алу саласында жаңа заңмен бірыңғай ұлттық режім бекітілді.
Біздің фракция осы заң жобасы бойынша өткір сындармен шықты, - деп атап өтті қазақстандық демократтардың көшбасшысы - Біз бірнеше мәрте сатып алу нарығын  өзіміздің тауар өндірушілер үшін қалдыруымыз керек деп мәлімдедік. Айтпақшы, Ресейдің де, Белоруссияның да заңдары осындай шараларды өздерінің бизнесі үшін енгізуге мүмкіндік береді. Бірақ, «Ақ жол» депутаттары заң жобасын талқылау кезінде азшылықта қалып қойды, сөйтіп, отандық бизнес мемлекеттік сатып алу кезіндегі жеңілдіктерден айырылды.
Алайда, бізге ұлттық компаниялардың және кәсіпорындардың мемлекеттің қатысуымен, яғни квазимемлекеттік секторда сатып алуларды реттейтін «Сатып алулар туралы» жаңа заңда осындай жеңілдіктер қарастырылатын болады деп Үкіметпен келісудің сәті түсті.  Осыған ұқсас тәсіл Ресейде жүзеге асырылып отыр».
Бірақ, Азат Перуашев хабарлағандай, «баспасөз беттеріне сатып алулар туралы заң жобасымен жұмыс барысында, уәкілетті мемлекеттік орган атынан Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі тағы да ұлттық бизнесті қолдаудан бас тартуды және отандық өндірушілерді ресейліктермен және белорустықтармен теңестіруді ұсынады деген дабылдар түсуде».
Бұған жол беруге болмайды – деп мәлімдеді «Ақ жол» партиясының төрағасы – Үкіметті ең болмаса осы секторда қазақстандық кәсіпорындарды қолдауды қамтамасыз етуге шақырды.
«Ақ жол» партиясы ұлттық компаниялармен және мемлекеттік кәсіпорындармен жұмыста отандық компаниялар үшін  жеңілдіктерді сақтауды талап ететін болады», - деп атап көрсетті ол.
 «Тіпті бүгіннің өзінде, өкінішке орай, отандық компаниялардың мүдделері, әсіресе жер қойнауын пайдалану саласында шетелдің қатысуымен құрылған кәсіпорындармен еленбеуі аз кездеспейді. Мен жақында ғана, Атыраудан сервистік компаниялар қауымдастығының өкілдерін қабылдадым, олар бірқатар біздің кәсіпкерлердің мүдделерінің бұзылғаны, онда шетелдік инвесторлардың тендерді Қазақстанда өткізбегені, және таңдауды да бөтен өндірушілерге бергені туралы бірқатар деректер келтірді. Бұл бірлескен сыбайлас жемқорлықтық проблемаларына да қатысты жұмыс үшін де үлкен жүктеме», - деп атап өтті депутат.
Сондай-ақ, Азат Перуашев Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне инвесторлардан Қазақстанда ұлттық серіктестердің қатысуымен бірлескен компаниялар құруды және оларға толымдаушы және пайдаланылатын жабдықтарға қызметтер көрсету өндірісі бойынша технологияларды беруді  талап ете алатын «Офсеттік саясат туралы» заң жобасын парламентке тез арада енгізу туралы өзінің ұсынысын еске салды.
«Офсеттік саясат индустрияландырудың, қазақстандық кәсіпорындарды озық техникалық және технологиялық инновацияларға тартудың маңызды факторы бола алатынына», - «Ақ жол» партиясының көшбасшысы сенімді.