25
Сәуір

«Ақ жол» фракциясы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасының іс жүзінде жүзеге асырылуын бақылауды күшейтуді талап етеді

2018 жылғы 25 сәуір, «Ақ жол»ҚДП баспасөз қызметі
«Ақ жол» фракциясы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасының іс жүзінде жүзеге асырылуын бақылауды күшейтуді талап етеді – фракцияның тиісті депутаттық сауалын бүгін Меруерт Қазбекова мәлімдеді. Сауалдың мәтіні төменде келтіріледі.

          
 
ҚР Инвестициялар және даму министрі
Ж.М. Қасымбекке
 
Мемлекет басшысының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында 2011 жылы Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бойынша бағдарлама қабылданды, оның міндеттерінің бірі азаматтар үшін кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ағымдағы және күрделі жөндеуден қайтарылатын мемлекеттік қаражат есебінен өткізу арқылы жайлы жағдай жасау болып табылады.
Осы тапсырмаларды жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен жергілікті атқарушы органдарға жыл сайын трансферттер бөлінеді.
Бағдарламаға қатысу үшін заңнама талаптарына сәйкес кондоминиум құру және заңнама ережелерін, жаңғыртуды жүргізу тәртібін түсіндіру арқылы тұрғындардың жалпы жиналысын өткізу қажет. Содан кейін оның қортындысы бойынша хаттама жасалады.
Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлегеннен кейін және кондоминиумға қатысушылардың жиналысында мақұлданғаннан кейін, қосалқы мердігерлік ұйым келісіледі, ай сайынғы төлемдердің мөлшері бекітіледі және атқарылған жұмыстарды орындауға қатысуға өкілдер таңдалады. Кондоминиумның басшылығы осы және басқа құжаттарды жергілікті әкімдіктің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жібереді, содан кейін объектіні жаңғырту туралы келісім жасалады.
Алайда, «Ақ жол» фракциясының депутаттарына өңірлік сапарлар аясында барлық облыстарда десек болады, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасының барлық кезеңдерінде заңнаманың талаптарының бұзылуына қатысты жергілікті тұрғындардан өтініштер келіп түсті.
Пәтер иелерінің кооперативі (ПИК) жалған келісімшарттар бойынша тұрғындарға барлық уақыт ішінде тиісті деңгейде көрсетілмеген қызметтер үшін ақы төлеткізіп, сондай-ақ, тұрғындарға айтпастан өздері белгілеп алған мердігерлермен күрделі жөндеуді жүргізу үшін көтеріңкі бағаға келісімшарттар жасасады. Бұдан басқа, күрделі жөндеу жұмыстары мемлекеттік сәулет-құрылысын бақылау, өртке қарсы қызмет, сәулет және қала салу құрылысы органдарының қатысуынсыз жүзеге асырылады, соның салдарынан - үлкен заң бұзушылықтар орын алған жағдайлар кездесуде.
Осы және басқа да фактілер көптеген мемлекеттік және сот органдарының назарына үндеуден кейін депутаттар алдында да көтерілді.
Құқық қорғау органдарымен бұған қатысты іс қозғалғанына, соттардың келісім-шарттар мен жұмысты қабылдау актілерінің жарамсыз деп тану туралы шешімдеріне қарамастан олардың салдарын және анықталған бұзушылықтарды жоюға ешкім де асығар емес.
Мәселен, Көкшетау қаласындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасына енген көптеген көп қабатты үйлерде жобалық құжаттамасына сай шатырды 0,7 мм-ден кем емес қалыңдықтағы металл шатырмен ауыстыру қарастырылған. Алайда, іс жүзінде бүкіл қала бойынша мердігерлер ешкімнің рұқсатынсыз өз еркімен одан екі есе жұқа материалдарды қолданған, ол тиісінше арзанға жоспарланған.
Сонымен қатар, атқарылған жұмыстар жөніндегі актіде бұл материал жобалау-сметалық құжаттамаға енгізілгенге сәйкес келеді деп тұрғындардан қалыңдығы 0,7 мм материал үшін ақша төлеуді талап етеді. Ал, бұл дегеніңіз – бір мың шаршы метрді ғана  құрайтын шатырлар емес.
Төбе жабындысы материалдарына қатысты бұзушылықтардан басқа мердігерлер ескі төбені бөлшектеу кезінде ағаш шатырдың қаңқасын өзгертпей қана қоймай, сондай-ақ мұндай жағдайда міндетті түрде жүргізілуі тиіс болатын ағаш материалдарды оттан қорғайтын арнайы төсеммен өңдеу, жылыту, желдету шахтасы құрылғысын орналастыруды орындамайды. Ослайша, ҚР ережелері мен санитарлық нормаларды өрескел түрде бұзады.
Баяндалғанды ескере отырып, «Ақ жол» депутаттық фракциясы келесі сұрақтарға жауап беруіңізді сұрайды:
1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасының іс жүзінде жүзеге асырылуына бақылау қалай жүргізіледі?
2. Сапасы қалай бақыланады, қолданылатын материалдардың және орындалған жұмыстардың стандарттарын сақтау, сондай-ақ кепілдендірілген мерзім ішінде мердігерлердің өз міндеттемелерін орындауы қалай қадағаланады?
«Ақ жол» ҚДП және оның парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру және өз сайлаушыларының мүддесін қорғау бойынша жұмыстарды жалғастыруда.