09
Мамыр

Санат жоқ 09.05.2018

«Ақжолдықтар» соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетті

2018 жылғы 9 мамыр, «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалы

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің мерейлі мерекесі қарсаңында «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалы өкілдері майдангерлердің үйіне барып, олардың естеліктерін тыңдап, ерлік жолдарына қанықты.

            

Облыстық филиал төрағасы Бақыт Смағұл және Көкшетау қалалық мәслихатының «Ақ жол» партиясынан депутаты, «Сауда пласт» компаниясының директоры Ғалымжан Копишев 82 жастағы майдангер Казимир Борисович Беймарттың үйіне барып, сұм соғысты көзімен көрген жауынгердің хал-жайын білді.

Өз кезегінде соғыс куәгері өзінің он сегіз жаста майданға алынып, Батыс Пруссия және Кенинсберг жерлерінде басқыншы жаумен болған ұрыстарға қатысқанын  айтып берді. Ол енді мұндай алапат соғыс болмасыншы деген тілегін де жолдады.

            

Ақжолдықтар майдангерге өздері дайындап әкелген сый-сияпаттарын жасады. Оған ғұмырдың сын соқпағы көп сүрелең жолымен ұзақ өмір сүре беруіне тілектестіктерін білдірді.

Осы күні Ақмола облыстық филиал төрағасының орынбасары Есболат Дүйсенбаев  соғыс ардагері Илья Тимофеевич Марченконың үйінде болып, онымен емен-жарқын әңгімелесті.

            

Майдангердің ерлікке толы өмір жолы жайлы тағылымды әңгімесін тыңдап,  өмір мен өлім белдескен соғыстан қалай аман оралғаны жөнінде сұрап, білді.

            

Соғыс өрті сөнсе де, оның жарасы жазылмайтыны бар. Көзі тірі майдангерлерге құрмет көрсету бүгінгі ұрпақтың басты парызы іспеттес. Ақжолдықтардың  сый-сияпатына дән риза болған майдангер өзінің ақ алғысын айтты.