16
Шілде

Санат жоқ 16.07.2018

ДЕПУТАТ БІРЖАН САЛ АУДАНЫНДА БОЛДЫ

2018 жылғы 16 шілде, «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалы

Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Дүйсембинов жақында Біржан сал атауын алған ауданда болып, кездесулер өткізді.

             

Алдымен қазақтың атақты композиторы Біржан сал бабамыздың басына барып тағзым етті. Ұлы әншінің ескерткіші алдында толғанысқа бөленіп, жылы сыр ақтарды.

Одан әрі аудан әкімі Ермек Нұғымановпен әңгімелесіп, ауданның экономикалық-әлеуметтік жағдайына қанықты. Өңір басшысы бұл тарихи жер екенін тілге тиек ете келе, экономикалық-әлеуметтік саланың бүгінгі ырғағы жайлы хабардар етті.

Ауданда «Өркен-Атансор», «Семізбай» кәсіпорындары жұмыс істейді. Алғашқысында темір кенін, ал, соңғысында уран өндіреді. Бұрнағы жылы іске қосылған цемент зауыты да осы заманғы өндіріс орындарының бірі саналады.

            

Халық қалаулысы ауыл жайын да сұрап білді. Халықтың тұрмыс тіршілігі кім-кімді болсын бей-жай қалдырмасы анық. Берік Дүйсембинов осы сапары барысында ойына түйген жайларды, айтылған мәселелерді «Ақ жол» фракциясының алдағы жұмысында қарастырып, шешуге тырысатынын баса айтты.