18
Шілде

Санат жоқ 18.07.2018

Депутат М.Қазбекова этноауылда болды

2018 жылғы 18 шілде, «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалы

«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясының депутаты Меруерт Қазбекова 'Рухани жаңғыру' бағдарламасы аясында салынған 'ЖАЙЛАУ' этноауылына ат басын тіреп, ұлттық нақышта тұрғызылған мекеннің сыр-сипатына қанықты.

            

Этно ауылда депутатпен кездескен Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасының 'Бурабай даму' жауапкершілігі шектелген серіктестігі бас директорының орынбасары Жаксылыков Арлан Сабырхан бұл нысанның жекеменшікке берілгенін, қазіргі уақытта мұнда Қытайдан келген қандастарымыз қызмет көрсететінін атап көрсетті.

Ол мұндай шешімнің тиімді тұстарына баса тоқталды. 'ЖАЙЛАУ' аумағында ұлттық өнерді, спортты, салт-дәстүрді бейнелеген экспонаттар мен макеттер қойылған. Ақшаңқан киіз үйлер тігілген. Түрлі ұлттық тағамдар  саудаға қойылып, тамашалауға келген меймандарға естелік сыйлықтар сатылады.

             

Халық қалаулысы атқарылып жатқан жұмыстарды құптай отырып, этноауылды көпшілік жиі келетін орынға айналдыру үшін оның аумағын көркейту-көгалдандыру жұмыстарын дереу қолға алу керектігін айтты.

             

Ол үшін мұндай қызмет көрсету саласын жақсарту жөнінде бірнеше ұсыныс жасады.Ұжымның жұмысына сәттілік тілеп, қазақтың болашақта өз тарихын қадірлеген елге айналатынына сенім білдірді.