18
Маусым

Санат жоқ 18.06.2014

Азат Перуашев заңнамаға авиакомпаниялардың өздерінің коммерциялық тәуекелдерін жолаушыларға аудара салуына тыйым салатын түзетулерге бастамашылық жасамақшы

18 маусым 2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Азат Перуашев заңнамаға авиакомпаниялардың өздерінің коммерциялық тәуекелдерін жолаушыларға аудара салуына тыйым салатын түзетулерге бастамашылық  жасамақшы – бұл туралы «Ақ жол» партиясының көшбасшысы кеше Мәжілісте өткен экономикалық реформа жөніндегі комитеттің авиатасымалдау мәселелерін қараған отырысының қорытындысында мәлімдеді.
Депутат отырыс барысында өз отбасын, төрт баласымен билеттерінің болғанына қарамастан Шымкент-Астана рейсінен түсіріп тастағаны туралы жағдайды мысалға келтірді.
«Менің отбасыма олардың ВИП арқылы өтуі керек екендігін түсіндірген, және сол кезде депутаттың балалары екенін білгенде, оларды міндетті түрде отырғызушы едік дегенді айтқан. Мәселе менің жеке басымда болып тұрған жоқ, бұл дегеніміз, «Еуропадағы таңдаулылардың бірі» төрт жұлдызды компанияның клиенттерге – қатардағы қазақстан азаматтарына қалай қарайтындығына көрнекті көрсеткіш. Сонда жұбайы немесе әкесі – не депутат емес, немесе ешқайда жұмыс істемейтін адамдармен не болып жатқанын, көз алдыма елестете аламын. Менің ойымша, кез-келген азамат лайықты қызмет көрсетілу құқығына және өз құқықтарын қорғауға қақысы бар», - деп атап өтті Перуашев.
Бұл сұраққа жауап берген Эйр Астананың президенті Питер Фостер, өзінің бұл жағдай туралы білмегенін және тәртіпке салуға уәде беріп, өкінішін білдірді. «Әрине, сіздің балаларыңызды рейстен түсіріп тастауға қақылары жоқ еді» - деп сендірді ол. Сонымен бірген, Фостер мырза билеттерді «артығымен» (яғни, ұшақтағы бар орыннан көбірек) алып сату – бұл «барлық елдегі дағдылы тәжірибе» екеніне сілтеме жасады, себебі авиакомпаниялар сонысымен кейбір келмей қалатын жолаушылардан сақтандырылады.
Алайда, Азат Перуашев мұндай жауаппен келіспейді: «Өйткені, мәселе менде болып тұрған жоқ, отбасым менсіз ұшқан. Мәселе мынада, қарапайым адамдар монополистің осындай озбырлығының алдында қорғансыз. Дамыған еуропалық елдерде жолаушыларға осылай қарауға рұқсат етілген деп ойламаймын. Ұшаққа келмей қалғаннан келген шығын – бұл авиакомпаниялардың өздерінің коммерциялық тәуекелдері, неге олар оны аяқ астынан адал клиенттерге аударып отыр? Бұл тұтынушылардың құқығын тікелей бұзу: өйткені адам билеттің құнын адал төлейді, өзінің жұмыс кестесін жоспарлайды, көрсетілген уақытта рейске келеді – яғни, шартқа сәйкес өз міндеттерінің барлығын орындайды, билет те сондай болып табылады. Ал, олар оның алдынан есікті тарс жауып, оның жоспарларын бұзады және оны түксіз қалдырып, одан кешірім де сұрамайды».
Авиакомпаниялар өздерінің коммерциялық тәуекелдерін ұшудан бастартқандары үшін қайтарып алатын сомадан өндіруі, немесе, тіпті болмаса сақтандыруы тиіс. Тек, адал жолаушыларға аудармауы керек. Оның үстіне, бүгінгі отырыс көрсеткендей Эйр Астананың билетінің құны, осыған сәйкес қашықтықтағы ресейлік компаниялардың билеттерінен 40-45 %-ға қымбат, осындай көп айырмашылықтың пайда болуын ешкім де сендіріп түсіндіре алмады.  Міне сіздің тәуекелдерді жабу үшін мүмкіндігіңіз, содан қайтарып алуыңыз керек, себепсізден себепсіз рейстен түсіріп тастаған балалардан емес!
Осыншама екіжүзді жауапқа не Бәсекелесті қорғау жөніндегі агенттіктің басшылығы, не Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшылығының қарсы болмағаны мені де ашуландырады» - деп мәлімдеді ол отырыс аяқталған соң, компанияны өзінің балаларымен болған нақты жағдай бойынша сотқа беруге ниеті барын хабарлады.
Депутат сондай-ақ рейстегі орындардың санынан асатын билеттерді алып сатуды қолданатын авиакомпониялар үшін жуырда Ресейдің айыппұл енгізгенін еске салды.
- Біздің елімізде осындай жағдайлардың ерекшелік емес, тіпті әдетке айналып бара жатқанын ескере отырып, осындай тыйымдарды біздің заңнамаға да енгізуді әзірлейтін боламыз – деп сендірді Азат Перуашев, - себебі, біз өзімізді өзіміз сыйлауға мәжбүрлемесек, ешқандай да шетелдік менеджерлер біздің азаматтарды сыйламайды. Мен жағдайға жеке бастың ісі емес, авиатасымалдаушылар мен қатардағы азаматтардың арасындағы қатынастардағы жүйелік проблема ретінде берілген нақты осындай бағаны меморгандардың ішінен жалғыз қолдаған Транспорт министрі Жеңіс Қасымбекке алғысымды білдіремін.