26 қазан 2018 жыл, «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалы
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова өзінің кезекті кездесуін «Атамекен» ҰКП Ақмола облыстық филиалында өткізді.
Бұл жиынға негізінен кәсіпкерлер және монополиялық мекемелер өкілдері қатысты. «Ақ жол» парламенттік фракциясының мүшесі Қазбекова Елбасы Жолдауының басым бағыттарын кеңінен әңгімеледі. Әсіресе, бизнеске қатты тұстарын терең қаузады. Ішкі нарықты қамтамасыз ету, монополиялық мекемелердің негізсіз тарифтерді көтеруі және тағы басқа мәселелер жайлы ойлар ортаға салынды.
Кездесу кезінде кәсіпкерлер өздерін толғандырған мәселелермен бөлісті. Оны шешудің жолдарын қарастырып, депутаттың да бұған бей-жай қарамауын өтініп сұрады.
Сонымен бірге, әртүрлі сала мамандарына тапшылық жайы да тілге тиек етілді. Кейде қарапайым дәнекерлеуші, жер қазатын, жүк көтеретін техника мамандары жетіспейді. Білім алып жатқандары да осы заманғы техниканың тілін білмейтін болып шығады.
Жалпы, бұл жолғы басқосу мазмұнды өтті. Кәсіпкерлер де Парламент өкілінің өздерімен еркін әңгіме құрып, пікір алмасқанына риза болып тарқасты.