5 қазан 2018 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Азат Перуашев параолимпиадашыларды 2018 жылғы Паралимпиадалық Азия ойындарында қол жеткізген жетістіктерімен құттықтады. Қазақстан ұлттық құрамасы осы Ойындарда сәтті өнер көрсетті - оның қоржынында 6 спорт түрі бойынша 33 медаль бар. Спорттың 4 түрі бойынша тұңғыш рет медальдарға ие болып отыр, соның ішінде командалық спорт түрлерінде жеңіске жетті - бұл біздің волейболшыларымыздың қола медальдары.
Ұлттық параолимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаевтың шақыруы бойынша «Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашев спортшыларға құрмет көрсетуге арналған салтанатты рәсімге қатысты.
Параолимпиада құрамасының мүшелері, сондай-ақ Параолимпиада ойындарының алғашқы қазақстандық чемпионы Зульфия Ғабидуллина «Ақ жол» фракциясына оларға қолдау көрсеткені үшін өз алғысын білдірді.
Сонымен, 2014 жылдан бастап «Ақ жол» фракциясы үкіметтің қарсылықтарына қарамастан, параолимпиада чемпиондарына берілетін Олимпиадалық ойындардың жеңімпаздарынан 5 есе аз ресми түрде бекітілген сыйақының көлемін мүгедек спортшылардың Дүниежүзілік паралимпиададағы жетістіктеріне тең дәрежеде баға берілуіне табандылықпен қол жеткізген болатын. Осы күнге дейін Азат Перуашев Үкіметке бірқатар депутаттық сауалдарын жолдады. Онда «Параолимпиядашылардың спорттық ерліктерін құнсыздандыруды тоқтату керек – гуманистік қағидаттар мен адамдық құндылықтар экономикалық келеңсіздіктер мен қиыншылықтарға қарағанда маңыздырақ», - деп көрсетілген.
«Барлық елдерде мүмкіндігі шектеулі жандардың спорттық жетістіктері қатардағы спортшылардың жеңісіне қарағанда әлдеқайда жоғары бағаланады. Себебі, жеңіске апарар жолда олар тек қарсыластарын ғана емес – өзінің ауыр дерті мен сырқатына төтеп беруге тура келеді», - деп айтылған фракция жолдаған сауалда.
Нәтижесінде, Үкіметтің «Ақ жолдың» бастамаларына берген 2014, 2016 жылдардағы жағымсыз жауаптарынан кейін, 2016 жылы мұны Республикалық бюджеттік комиссия қолдады.
Параолимпиадашылар бұл қызу пікірталас пен «Ақ жолдың» табандылығы жөнінде өте жақсы білетін болып шықты. Рио-де-Жанейрода өткен Параолимпиада ойындарында пауэрлифтинг бойынша күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева параолимпиадашы құрамасы спортшыларының атынан Азат Перуашевқа олардың жеткен жетістіктеріне демеу білдіргені үшін өзінің риясыз алғысын білдірді.
Алайда, спортшылармен әңгімелесу кезінде параолимпиада спортын қаржыландыру сол қалпы бұрынғы деңгейде қалып қойғаны белгілі болды - бұл 30 миллион теңге. Ал, қаржыландырудың негізгі бөлігі белгілі кәсіпкер және меценат Қайрат Боранбаевтың және оның әріптестерінің мойнына жүктелген. Азат Перуашев спортшыларға бұл мәселе парламенттік фракциямен қайта көтерілетінін мәлімдеді.
Параолимпиада комитетінің төрағасы «Ақ жол» фракциясы жетекшісін параолимпиадашыларға арналған жаңа спорт кешенімен таныстырды – бұл жаттығу орталығы мүмкіндігі шектеулі спортшылардың қажеттіліктеріне арналған жаңа технологиялармен жабдықталған, олардың әрқайсысы ешкімнің көмегісіз спорт және жаттығу залында, бассейнде жаттыға алады. Бұдан басқа, аталған спорт кешені параолимпиадашы спортшылардың ғана емес, мүмкіндігі шектеулі жандардың да игілігі үшін жұмыс істейді.