01
Шілде

Санат жоқ 01.07.2014

«Ақ жол» партиясының мемлекеттің қатысуымен жаңа кәсіпорындар құруға мораторий енгізу туралы ұсынысы ескерілді

1 шілде 2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» партиясының мемлекеттің қатысуымен жаңа кәсіпорындар құруға мораторий енгізу туралы ұсынысы ескерілді – БАҚ-нан  белгілі болғандай, өткен аптада үкімет квазимемлекеттік сектордың құрылымында еншілес жаңа мемлекеттік кәсіпорындарды құруға  шектеу қою туралы айтылған «Кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің қатысуына шектеу қою мәселелерi жөнiндегi кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасын қолдады.
Баспасөзде (2014 жылғы 26 маусымдағы «Капитал газеті») ҚР Өңірлік даму министрлігінің басшысы  Б.Жәмішевтың осы тақырыпта айтқан пікірін келтіреді: «Мемлекеттік сектордың, мемлекеттік кәсіпордардың қызмет етуіне шектеу қою керек. Және осы заң жобасымен жаңа мемлекеттік кәсіпорындарды және еншілес компанияларды құруға қатаң шектеу енгізіледі... Егер үш қағиданы ашатын болсақ, онда мемлекеттік кәсіпорын ұлттық қауіпсіздікті, отан қорғау қабілетін қамтамасыз ететін, қоғам мүдделерін қорғауда басқа мүмкіндіктер жоқ жерде ғана қолданылуы мүмкін».
А.ж. 2 сәуірде Екатерина Никитинская «Ақ жол» фракциясының атынан жаңа мемлекеттік кәсіпорындар құруға мораторий енгізуді ұсынған депутаттық сауалды жария етті. «Ақжолдықтар» өзінің сауалында Мемлекет басшысының кең ауқымды жекешелендірудің екінші толқынының қажеттілігі және стратегиялық емес сипаттағы кәсіпорындар мен қызметтерді жеке қолға беру туралы бастамасын қолдайтындары туралы мәлімдеді.
«Бұл жекешелендіру экономикада мемлекеттің үлесін төмендетумен тікелей байланыста болуы тиіс екенін ескеру қажет. Олай болмаған жағдайда мемлекеттік органдар, бір кәсіпорынды сата отырып, сонымен қатар бұрынғының орнына басқасын құруы мүмкін», - деп көрсетті «Ақ жол» ҚДП фракциясы.
«Ақжолдықтар»  осындай қауіптенулердің негізі ретінде қолданыстағы заңнамада жекешелендірудің екінші толқынына кіретін салаларда жаңа коммерциялық заңды тұлғаларды құруға тыйым салатын нормалар қарастырылмағанын атап өтті. «Ақ жол» партиясының депутаттарының  пайымдауынша, бұл жағдай Мемлекет басшысының тапсырмаларының тиісінше орындалмауына әкелуі мүмкін.
Мұндай абыржушылықтың себебі, атап көрсетілгендей экономикада мемлекеттік кәсіпорындардың өсуі және олармен жеке бизнесті барынша тартымды секторлардан қысып шығаруы болып табылады.
Сондықтан, «Ақ жол» партиясы үкіметпен қабылданған мемлекеттік кәсіпорындарды құруға  шектеу қою жөніндегі шешім туралы хабарды айтарлықтай оң жаңалық деп бағалады. «Бұл тең бәсекелестік үшін және жеке бизнесті дамытуда қолайлы жағдай жасау үшін дұрыс және маңызды шешім», - деп есептейді партия көшбасшысы Азат Перуашев.

«Ақ жол» ҚДП және оның парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын және кәсіпкерлерді қолдауды іске асыру жөніндегі жұмыстарын жалғастыра береді.