1 ақпан 2019 жыл, «Ақ жол» ҚДП Ақтөбе облыстық филиалы
31 қаңтар күні Ақтөбе қаласындағы «Атамекен» демалыс орталығында Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Демократиялық партиясының мүшесі Дания Еспаеваның Ақтөбе қаласы сайлаушыларымен кездесуі болып өтті.
Кездесуге 30 шақты сайлаушы жиналып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ойларымен бөлісті. Кездесу барысында, «біріңғай төлем салығы» (халық арасында жұмыссыздар салығы), зейнетақы мәселесі, мұғалімдер беделін көтеру, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің беделін көтеру сияқты т.б. мәселелер сөз болып, қызу талқыланды. Депутат.Еспаева көтерілген мәселелерге толық жауап беріп, шешілу жолдарын түсіндірді.
Ақтөбе облыстық Қарғалы елді мекенінің тұрғыны, Алматы ауданы Ардагерлер ұйымының төрағасы, Е.Бердібеков, алдыңғы кездесуде көтерген мәселелерінің оңды шешілгенін айта келіп, шешілуіне қосқан үлесі үшін Дания Еспаеваға ардагерлердің алғысын жеткізді.