Ақмола жастары «Жастар жылына» риза
4 ақпан 2019 жыл, «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалы
Елбасының 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауы ақмолалық жастарға да тың серпін берді. Бұл өңірдің белсенді жастарының Парламент Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекованың Ақмола облысында жасаған сапары аясында өткен кездесуінде анық байқалды.
Шара барысында Елбасының «Қазақстан жаңа Н.Ә.Назарбаевтың «Жастар жылын» ашу салтанатты жиынында сөйлеген сөзі әңгіме арқауына айналды. Депутат өңір жастарының «Жастар жылы» жөніндегі ой-толғамдары жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ депутат еліміздің алдағы даму барысында жастарға үлкен үміт артылып отырғаны, жастар саясатында Президент жүктеген өзекті мәселелерге барынша мән беру қажеттігін атап көрсетті.
Әңгіме барысында «Ақ жол» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Бақыт Смағұл партияның жастармен бірге көптеген іргелі іс шараларды атқару туралы ойларымен бөлісті.
Өз кезегінде қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Анар Белгібаева депутаттың жастармен кездесу өткізуіне алғысын білдіріп, жастар ұйымдарының өңірдегі іргелі істерге белсене араласуға дайын екенін жеткізді. Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты, «Сауда Пласт» құрылыс ЖШС директоры Ғалымжан Копишев жастарға шағын және орта бизнесті дамыту, еліміздегі нарықтық экономиканың дамуы жайлы ойларымен бөлісті.