07
Ақпан

Санат жоқ 07.02.2019

Меруерт Қазбекова Мәлік батыр музейінде болды

7 ақпан 2019 жыл, «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалы
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова Ақмола облысындағы жұмыс сапары аясында М.Ғабдуллин атындағы музейде болып, батырдың өмір тарихынан сыр шертетін жәдігерлермен танысты.

           
Мұнда даңқты жерлесіміздің дүниеге келген ауылынан көріністер қойылған. Оның соғыс жылдарындағы ерлігі туралы тарихи деректер бар. Тіпті, Алматыдағы үйінен арнайы әкелінген жұмыс кабинеті де сол қалпында орналастырылған.

           
Мәлік Ғабдуллин батыр ғана емес, ол қазаққа танымал ғалым, оның монографиялық еңбектері және жазушылық қыры да осы музейде көрініс тапқан. Биыл облыс әкімінің қолдауымен ғалымның он бір томдық кітабы жарыққа шықты. Халық қалаулысы осы жайларға қанығып, музейдің жастарға патриоттық тәрбие беру ошағы екенін атап көрсетті.