07
Ақпан

Санат жоқ 07.02.2019

Депутат Берік Дүйсембинов Әулиекөл ауданына барып, шаруашылықтың жай-жапсарымен танысты

7 ақпан 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» фракциясының мүшесі Берік Дүйсембинов Қостанай облысының Әулиекөл ауданына арнайы іс-сапармен барды.

           
Халық қалаулысымен бірге «Ақ жол» партиясы Төралқасының мүшесі, Қазақстанның Ұлттық индустриалды палатасының вице-президенті Болат Өтепбаев және облыстық филиал төрағасының орынбасары Дастан Жұмабаев «Москалевское» ЖШС асыл тұқымды мал шаруашылығында болып, кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен танысты.

           
Кәсіпорынның атқарушы директоры Базарбай Жаңбыршынов танымал «Әулиекөл» асыл тұқымды ірі қарасының санын көбейту, мал азығын дайындау, ет өндірісіндегі басты көрсеткіштер жөнінде атқарылып жатқан жұмыстарымен бөлісті.
«Ақжолдықтар» серіктестіктің мал шаруашылығы базасына барып, жұмысшылардың еңбек жағдайы, жалақы деңгейі және мал шаруашылығын дамытуға субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары туралы сұрап білді.

           
Мәжілісмен қоныс аудару бағдарламасы бойынша жанұясымен бірге Қызылорда облысынан Москалевка ауылына көшіп келген жұмысшылардың бірі - Алмат Нұрпейісовпен әңгімелесті. Ол шаруашылыққа бақташы болып жұмысқа орналасып, кейін бағдарламаға сәйкес көтерме жәрдемақы алған екен.