08
Ақпан

Санат жоқ 08.02.2019

Туризмді дамыту - келелі мәселе

8 ақпан 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының Ақмола облыстық филиалы

Халық қалаулысы Меруерт Қазбекова Щучинск қаласында жергілікті туризм саласында қызмет көрсететін бизнес нысандары өкілдерімен кездесті.

          

«Атамекен» ҰКП-ның Бурабай аудандық филиалында өткен бұл кездесу барысында Бурабай курорттық аймағындағы туризм саласының дамуы әңгіме өзегіне айналды. Аталған саланың өркендеуіне аса жоғары мән беріліп отырғанын атап көрсеткен депутат өңірдегі демалыс орындарының жағдайымен танысып, кәсіпкерлердің мұң-мұқтажын тыңдады. Әсіресе, коммуналдық тарифтердің әлі де болса төмендемегені, монополиялық кәсіпорындардың бұған немқұрайлы қарап отырғаны басты назарға алынды. Кәсіпкерлердің бірі коммуналдық төлемақының төмендемеуі жөнінде мәселе көтерді. Депутат бұл жайды өз бақылауына алатын болды.

          

«Щучинский» шипажайының басқарушы директоры Гүлнара Жүсіпова демалыс орындарының орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылуға ниетті екені жөнінде ұсыныс айтты. Бұл мәселеде бірнеше демалыс орындары бірлесіп өз атына хат жазуға кеңес берген халық қалаулысы жергілікті билік органы арқылы шешілетінін жеткізді.

          

Депутат Бурабай кентінің әкімі Талғат Амантаевтың жергілікті халықтың көпшілігі коммерциялық ұйымдардың үйлері болғанымен, коммунналдық төлемнің назар аударылмайтынын еске салды. Аталған шарадан кейін депутат нарықта өз кәсібін дөңгелетіп үлгерген Біләл Сәкеновтың заманауи талаптарға сай салынған сауда кешенінде болды. ып, кәсіпкердің ел игілігіне жасаған қызметіне жоғары бағасын берді. Аудан орталығының дәл ортасына орын тепкен сауда кешені барлық заманауи талаптарға сай салынған. Кәсібінен нәсіп тапқан кәсіпкердің алдағы ісіне сәттілік тіледі.