25 сәуір 2019 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Нұр-Сұлтан қаласында «Ақ жол» демократиялық партиясының съезі өтті. Сайланған 254 делегаттың 232-і тіркелген, олардың 190-ы шешуші дауыс беру, 42 -сі кеңесші дауыс беру құқығымен.
«Ақ жол» партиясының құрылтайы 9 маусымға белгіленген кезектен тыс президенттік сайлауға қатысу туралы шешім қабылдады. Партия атынан сайлауға түсетін кандидаттың сайлауалды бағдарламасы жобасын бекітіп, Орталық кеңес төралқасына бағдарламаның соңғы редакциясын қабылдауды тапсырды.
Шетелдік әріптестер съезге құттықтау сөздерін жолдаған: «Справедливая Россия» партиясының төрағасы, госдуманың депутаты Сергей Миронов, Орталық Азия бойынша Еуропарламент делегациясының төрағасы, Еуропа Либералдары мен Демократтары Альянсы фракциясының мүшесі (АЛДЕ) Ивет Григуленің хаты келіп түсті.
Президенттік сайлауға кандидаттыққа ұсынылған 6 үміткер тіркелген:
1. Ерғалиев Талғат Файзуллаұлы – Қазақстан Құрылысшылар Одағының төрағасы, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының депутаты;
2. Ерубаев Серік Сәрсенұлы - «АКС Лтд» ЖШС-нің бас редакторы;
3. Еспаева Дания Мәдиқызы- Қазақстан. Республикасы Парламент Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты;
4. Кинцель Евгений Юрьевич – «Ақ жол» ҚДП Солтүстік-Қазақстан облыстық филиалының мүшесі;
5. Қошмамбетов Асан Әнуарұлы – «Ақ жол» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, «Кошмамбетов и К» ЖШС директорының орынбасары.
6. Рахимбердин Қуат Хажумуханұлы – құқық қорғаушы, Орталық Азиядағы адам құқығы жөніндегі сарапшы, заң ғылымдарының докторы.
Ауызша пікірталас пен көпшіліктің талқылауынан кейін шешуші дауысқа ие 190 делегаттар қатысқан құпия дауыс беру жүргізілді. Үміткерді анықтау бойынша талқылаулар мен дауыс беруге үш сағаттан астам уақыт кетті.
Құпия дауыс берудің нәтижесінде:
Партия атынан президенттік сайлауға түскен үміткерлерге барлығы 190 адам дауыс берді. Оның ішінде 49,5% Еспаеваға, 31,6% Ерғалиевке, 5,3% - Ерубаевқа, 2,7% - Рахимбердинге, 5,8 – Қошмамбетовке, 4,2% - Кинцельге дауыс берді.
Құрылтай бұл ұсынысты қабыл алып, көпшіліктің басым дауысына ие болған Дания Еспаеваның кандидатурасын бекітті (қолдағандар – 172, қарсы болғандар – 15, қалыс қалғандар - 3).
Орталық кеңестің президиумының шұғыл өткен отырысынан соң Съезден ең көп дауысқа ие болған Еспаеваны құпия дауыс берудің екінші кезеңін өткізбей-ақ, ашық дауыс беру арқылы партия атынан кандидаттыққа бекітуін ұсынды.