6 мамыр, 2019 жыл, 'Ақ жол' партиясы Ақмола облыстық филиалы
Мәжіліс депутатының Зеренді ауданындағы кезекті сапары 'Атамекен' кәсіпкерлер палатасының Зеренді аудандық филиалында жалғасты.
Мұндағы кездесу зеренділік кәсіпкерлердің 'Даму' кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына сәйкес кезекті бизнес дәрісіне қатысуымен тұспа-тұс келді. Кәсіпкерлерге жергілікті жердің туризмдік кластерін әрі тарихи орындары арқылы кәсіптерін жалғастыруға жөн сілтеген халық қалаулысының тың идеялары көпшілік кәсіпкерлердің көңілінен шықты. Депутат мемлекет тарапынан бизнестің дамуына зор көңіл бөлініп жатқанын жеткізе келе жастардың бизнесті дамытуда әрқилы ойлау арқылы жетістікке жетуге болатын жеңіл жолдарды түсіндірді. Өз кезегінде кәсіпкерлер депутатқа өздерінің сауалдарын қойып, оған толыққанды жауап алды.