08
Шілде

Санат жоқ 08.07.2014

Депутат Талғат Ерғалиев жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысында болды

2014 жылдың 8 шілдесі, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» фракциясының мүшесі Талғат Файзуллаұлы Ерғалиев  2014 жылдың шілде айының 02-сі күні іс-сапармен Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданында болды.
Шардара ауданы әкімінің орынбасарымен жолығып, аудан экономикасының, жергілікті тұрғындардың әлеуметтік жағдайлары жөнінде, жеке кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпкерлерге қолдау көрсету, шағын және орта бизнесті  өркендету мүмкіндіктері туралы сұқбаттасты.
Шардара ауданындағы ірі су қоймасының 5млрд.200млн. текшеметр су сақтауға мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда осы су қоймасынан балық аулауды 4 шаруа қожалықтары жүргізуде. Әрбір шаруа қожалықтарына жылына 2.800тонна балық аулауға рұқсат етілген.  Өндірілген өнім әлемдік нарыққа экспортқа, атап айтқанда Еуропа елдері мен Ресей, Белоруссия елдеріне шығарылады.
Т.Ерғалиев тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету жағдайын сұрады, аудан әкімінің орынбасарының айтуынша «Көксарай» су қоймасы салынғалы бері,  бұл мәселе толығымен шешілген.
Одан кейін, Т.Ерғалиев «Хамит» балық зауытына барып, өндіріс технологиясымен танысты. Мұнда 60 адам жұмыс істейді, қосымша келісімшартпен тағы 200 адамды жұмыспен қамтып отыр.