12 мамыр, 2019 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
«Ақ жол» партиясынан үміткер Дания Еспаева Алматыдағы «Темірбетон-1» ЖШС ұжымымен кездесті. Бұл кәсіпорынның 65 жылдық тарихы бар, темірбетонды өнімдер мен құрылғыларды дайындауда үлкен биіктерге жеткен. Кәсіпорында 400-ге жуық қызметкер жұмыс жасайды.
«Темірбетонның» қызметкерлері «Ақ жол» партиясынан үміткердің сайлауалды бағдарламасымен танысып, қызықтырған сұрақтарын қойды. Дәния Еспаева олардың сауалдарына жауап беріп, а.ж. 9 маусымында болатын сайлауда белсенділік танытып, дауыс беруге шақырды.