ҚР Президенттігіне үміткер Еспаева Дәния Мәдиқызының
Қызылорда аймақтық штабы «Аманат» азаматтық платформасы бақылаушыларымен кездесті
22 мамыр 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының Қызылорда облыстық филиалы
Ағымдағы жылдың 22 мамыр күні ҚР Президенттігіне кандидат Еспаева Дәния Мәдиқызының Қызылорда облысы бойынша сайлауалды штабына «Сайлауға бақылау жүргізу жөніндегі «Аманат» азаматтық платформасының» Қызылорда облысы бойынша жетекшісі Жанар Ізден бастаған бақылаушылар штаб жұмысымен танысуға келді.
Жанар Ізден қоғамдық ұйымның басты міндеті - сайлаудың әділ әрі ашық өтуіне бақылау жасау және барлық 7 кандидатқа бірдей қолдау көрсету, сондай-ақ, «Теңдік», «Саналы тандау», «Әділдік», «Келісім» және «Сенім» деп аталатын 5 бағыттың негізінде құрылған қоғамдық ұйымның барлық өңірлерде бөлімшелерінің жұмыс жасайтындығын және «Аманат» азаматтық платформасы саяси науқанда белсенділік пен әділ сайлауды көздеп отырғандығын айтты.
Кездесу барысында облыстық штаб жетекшісі Ж. Прманов «Аманаттық» бақылаушыларды штаб жұмысымен және үміткеріміз Д.М. Еспаеваның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, «Аманаттықтар» тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берді және сайлау науқанының естелігі ретінде партиялық жейделер тарту етілді.
Бақылаушылар үгіт-насхат жұмыстары туралы түрлі сұрақтар қойып, оған штаб жетекшісі тарапынан толыққанды жауаптар берілді.