07
Қараша

Санат жоқ 07.11.2013

Азат Перуашев: «Азаматтық қорғау туралы» заң жобасы тәуекелдерді басқару жүйесін біріздендіру бойынша Президенттің тапсырмасына қайшы келеді

7 қараша  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Азаматтық қорғау туралы» заң жобасы тәуекелдерді басқару жүйесін біріздендіру бойынша Президенттің тапсырмасына қайшы келеді – бұл туралы кеше Азат Перуашев  Орталық Коммуникациялар Қызметінің брифингінің барысында мәлімдеді.
«11–ші қазанда үкіметтің қызметін қатал сынға алып (оның ішінде кәсіпкерлікті қолдау мәселелерінде), Мемлекет басшысы келесіні айтты (цитат келтіремін): «Тексерулерді оңтайландыруды қарастыратын тәуекелдерді басқару жүйесі, мемлекеттік органдардың әрқайсысының өз қалауынша құрылған. Олар бірыңғай әдістемеліктерсіз жұмыс істейді».

«Осыған байланысты не істеу керек еді? Әр министрлік өз әдістемесін ойлап табатын қалыптасқан тәртіпті тез арада қайта қарау және тәуекелдерді бағалауды бірыңғайландыру керек, сонысымен олар адал бизнес үшін шарттарды жеңілдетуі керек, керісінше емес», - деп атап көрсетті «Ақ жолдың» жетекшісі.

Осыған байланысты ол нақты мысал келтірді: «Азаматтық қорғау туралы» заң жобасының екінші оқылымы 20 қарашаға жоспарланған.

Осы заң жобасында Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлікпен «тәуекелдерді бағалау жүйесі» заңдастырылады, оған сәйкес бақылаушы органдардың тексеруінен құтылуды қалайтын Өртке қарсы комитет сияқты кәсіпорындар, ТЖМ-де аккредиттелген «тәуекелдерді тәуелсіз бағалауды» жүргізетін әлдебір жеке ұйымдармен коммерциялық шарт жасауы қажет. Сонымен қатар, оның қызметкерлері болып ТЖМ-нің өзінің бұрынғы қызметкерлерінің болуының тиістілігі, аккредиттеудің шарты болып табылады!

«Бұл тікелей заңнамамен, Президент жарлықтарын қоса алғанда, рұқсат етілмеген, мемлекеттік бақылау қызметін коммерцияландырудың нағыз өзі, - деді қазақстандық демократтар көшбасшысы. - Негізінде, тәуекелдерді бағалау жүйесі, Президент әділ атап өткендей, оңтайландыру, тексерулерді қысқарту үшін енгізілген. Ал, ТЖМ кәсіпорындарды оларды тағы да тексермес үшін төлеуге мәжбүрлей отырып, бұдан сауын сиырды қалай жасауды ойлап тапты. Мұндай «жаңашыл идеялар» осы заңда жетіп артылады».

Сондай-ақ, ол журналистерге Министр Божконың «Ақ жолдың» ұсыныстары азаматтық қорғаудың қолданыстағы жүйесіне қауіп төндіреді деп мәлімдегені туралы ескертті. «Мен бірден оның өзін тікелей эфирде біздің заңға деген талап-тілектерімізді талқылауға шақырдым, алайда ол үнсіз қалды. Ал, бізге миллиондаған халқы бар қаланы жер сілкінісі дүр сілкіндіріп, мегаполис әуре-сарсаңға түскенде, министр бұл туралы оны оятқан вице-премьерден біліп жататын мұндай жүйенің керегі жоқ, - деп қосты А.Перуашев. Көлемі 107 парақтан тұратын құжатқа депутаттар 1500 артық түзетулер енгізді, әр параққа 14 түзетуден – оқушыларға осындай мөлшердегі қателері үшін сұрамай-ақ екі қояды, ал біз бұл заңды сыбайлас жемқорлықты тудыратын талаптарымен қабылдағалы және орындағалы отырмыз».

«Егер үкімет Президентті тыңдаса – онда осы заң жобасын оның жүздеген кемшіліктерін айтпағанның өзінде, бір ғана тәуекелдерді бағалаумен байланысты айла-шарғылары әрекеттері үшін тез арада кері шақыруға міндетті», - деп есептейді Азат Перуашев.