30 мамыр 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі
Қазақ халқының көпшілігі Еуропа жолын, Еуропа сапасын қалайды - бұл туралы кешегi президентiкке үмiткерлердiң пiкiр-сайысында Азат Перуашев мәлiмдеген.
Сөздiң дәлелдемесі ретінде ол Әлихан Бөкейханның сөзін мысалға келтiрдi: «Біз – батысшылмыз. Халықты мәдениетке баулуда, біздің назарымыз Батысқа ауған».
Бірақ, мемлекеттен батыстағы сапасын талап етсек, өзіміз де тәрбие, менталитет, саяси мадениет жағынан – Еуропа ұстанымдарына, біліміне бет бұруымыз қажет, - дедi «Ақ жолдың» көшбасшысы.
«Біздің жұрт Бостандық, Теңдік, Құрдастық саясат ісін ұғынбаса, тарих жолында тезек теріп қалады» деп Азат Тұрлыбекұлы Әлихан Бөкейханның сөзiн еске салды.