30.05.2019
https://qazaquni.kz/2019/05/30/100429.html
Әлеуметтік жаңғыруды заманауи, өркениетті ұлтшылдықсыз елестету мүмкін емес – бұл туралы кешегi президентiкке кандидаттардың пiкiр-сайысында Азат Перуашев мәлiмдедi.
«Жүсіпбек Аймауытұлы жазғандай: «Ұлтын шын сүйіп, аянбай қызмет қылған азаматы көп жұрт – күшті, өнерлі, білімді болады…». Ұлтшыл жұрттар – әне, Германия, Жапония, Англия, Түркия. Олардың баласы жасынан «ұлтым» деп өседі», – деп мысал келтiрді үмiткер Дания Еспаеваның өкiлi.
«Ақ жол» партиясының пікірінше әлеуметтік жаңғыру осы ұғымдарға сүйену керек», – деп сөзін қорытындылады «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Тұрлыбекұлы.