4 маусым 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының Жамбыл облыстық филиалы
2019 жыл 4 маусымдаҚазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Д.М. Еспаеваның сенімді өкілдері А.Т. Перуашев, Б.О. Өтепбаев, А.А. Қошмамбетов және облыстық партия ұйымының белсенділері Жамбыл облысында бірқатар кездесу өткізді. Алғашқы кездесу Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер ауылындағы Мәдениет үйінде сайлаушылардың белсенді қатысуымен өтті. Сенімді өкілдерге әлеуметтік, зейнетақы, көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы және халықты жұмыспен қамту салалары бойынша көптеген сұрақтар қойылды. Кездесу барысында Д.М. Еспаеваның өмірі мен қызметіне қызығушылық танытылды.
Бұдан кейін респуликалық штаб өкілдері «Қостөбе» ауылында шағын бизнес өкілдері мен шаруа қожалықтар өкілдерімен кездесуде болды. Кездесу «Қостөбе» ауылдық округының әкімшілік ғимаратының конференц залында өтті. Сенімді өкілдерге мемлекет тарапынан ауыл шарушылығымен айналысатын кәсіпкерлерге берілетін субсидия мен несиелер мәселелері бойынша көптеген сұрақтар қойылды.
Келесі бір үгіт кездесу Тараз қаласындағы «Қошмамбетов и К» ЖШС-і мекемесінің конференц залында Тараз қаласының ірі, орта және шағын кәсіпкерлерімен өтті. Азат Тұрлыбекұлы Парламент Мәжілісінде «Ақ жол» фракциясы депутаттарының атқарған жұмыстарына қысқаша шолу жасап, Президенттікке үміткер Еспаева Дания Мәдиқызының сайлау алды бағдарламасын түсіндіріп айтып өтті.
ҚР Президенттікке үміткер Дания Еспаеваның сайлауалды үгіт науқаны жалғасуда.