04
Маусым

Президенттікке үміткер Дания Еспаеваның Маңғыстау облыстық штабы облыс аумағында бірнеше кездесу өткізді

4 маусым 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы

Дания Еспаеваның Маңғыстау облыстық штабы облыс аумағында бірнеше кеөздесу өткізді. 2019 жылдың 4 маусым күні аймақтық штаб басшысы Жаңбырбай Матаев мен штабтың бас маманы Ғазиза Тәжібаева үгіт науқаны аясында Каспий өңірі 'Болашақ' коллеждінің студенттерімен кездесіп, Дания Мәдиқызының сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

Кездесу барысында, үгіт материалдар таратылып, студенттермен еркін пікір алмасу жүргізілді.

Сондай-ақ, 2019 жыл 3 маусым күні Дания Еспаеваның Қарақия ауданы бойынша координаторы Мурзабекова Бибігул Қарақия аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Орталықта көбінесе жас буындар жұмыс жасайды. Жиын барысында халыққа қызмет көрсету орталығының директоры мемлекеттік салада халықпен бірге жұмыс жасау өте қиын екен атап өтіп, мемлекетімізге жаңа бағыт, жаңа өзгерістер керек деді. Халық көбінесе тұрғын үйге мұқтаж, әлеуметтік қолдауды қажет етеді. Мемлекетімізге сыбайлас жемқорлықпен күресу жолын ұстанған, көпбалалы аналардың жанын түсіне білетін Дания Мадиқызы сынды басшы қажет екенін айтты.

Сонымен қатар, Қарақия аудандық орталық кітапхана қызметкерлеріне де Еспаева Данияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.      

Кітапхана басшысы қазір жастардың көбіне интернетте отыратындығынан кітапханаға мүлдем бас сұқпайтындығын айтты. «Мемлекетте егер жастарды кітапқа баулитын жаңа бағдарламалар орын алса, өскелең ұрпағымыздың саналы өсетініне сенім білдіремін», - деді ол.

 

«Ақ жол» партиясынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Дания Еспаеваның үгіт науқаны жалғасуда.