Азат Перуашев Швейцария басшысы Филиппо Ломбардиимен кездесті
14 қараша 2013 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Азат Перуашев 2013 жылдың 13 қарашасында Швейцария басшысы, Швейцария Конфедерациясының кантондар Кеңесінің президенті Филиппо Ломбардиимен кездесті.
Кездесу барысында парламентаралық қатынастар аясында партиялық фракциялардың ынтымақтастығы мәселелелері талқыланды. «Біз үшін парламентаризмді дамыту мәселелерінде Швейцарияның тәжірибесі өте қызықты, өйткені бұл елде Еуропадағы байырғы парламенттік институттары бар», - деп атап өтті Азат Перуашев.
«Ақ жол» ҚДП төрағасы партия қызметі және Парламент Мәжілісіндегі фракция жұмыстарының негізгі бағыттары туралы хабардар етті, оның ішінде сыбайлас жемқорлықпен күрес маңызды орын алады.
Азат Перуашев бұл елдің басқа елдерге, Қазақстанды қоса алғанда, адал бизнесмендеріне ғана қолайлы емес, сонымен қатар қашқын олигархтар мен сыбайлас жемқорлық жасаған шенеуніктер үшін де қолайлы ел болып тұрғанына Швейцария Президентінің назарын аударды. «Швейцария жұртшылығы және бизнесі өздерін парасатты азаматтар деп көрсетуге әрекет етіп жүргендердің шын бет-бейнесін білулері қажет,- деп атап көрсетті ол. – Бұған байланысты біздің парламенттік оппозиция тиісті ақпараттарды жеткізу үшін швейцариялық депутаттармен байланыстар орнатты».
«Өз тарапымыздан «Kazakhstan Financial Integrity» атты сыбайлас жемқорлыққа және таза емес жолмен ақшаны сыртқа шығаруға қарсы әрекет ету Қорын құрдық, ол коррупционерлердің шет елдердегі есеп шоттары туралы мәліметтерді жинаумен айналысады, оның ішінде швейцариялық банктерде бар»,- деп қосты парламенттік оппозиция көшбасшысы.
Филиппо Ломбардии, ҚДП-ның бүгінде кәсіпкерлер партиясы ретінде қабылданатынын еске сала келіп, Қазақстандағы бизнесті қорғау деңгейіне және бизнес-қауымдастықтың парламенттік партия қызметі арқылы өз мүдделерін қорғау мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты.
Азат Перуашев міндеті кәсіпкерлердің мүддесін қорғау болып табылатын жуырда құрылған Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы, басқа да бизнес-қауымдастықтар туралы: «Ата мекен» ұлттық экономикалық палатасы, Ұлттық индустрия палата, салалық одақтар жайында айтты.
«Ағымдағы мәселелер осы тетіктер арқылы шешіледі,- деп атап өтті ол және қажет болған жағдайда, ҚР-да жұмыс істейтін швейцариялық компаниялар осы бірлестіктерге, ең әуелі – КҰП-на қолдауына сүйену үшін жүгіне алады. «Заң шығарушылық қызметке келсек, «Ақ жол» партиясы Парламенттегі «бизнестің үні» болып табылады және еуропалық тәжірибені қоса алғанда, бұл жұмыстың ең заманауи әдістерін қолдануға ұмтылады», - деді А.Перуашев.
Президент Филиппо Ломбардии екі ел арасындағы саяси және сауда-экономикалық әрекеттестікті нығайту қажеттілігін атап өтті.
Кездесу кезінде көтерілген мәселелердің ішінде партияаралық және парламентаралық екі жақты үн қатысуды кеңейту мәселелері, Қазақстан мен Швейцария арасындағы қосарлы салық салу проблемасы да болды.
Кездесу қорытындылары бойынша тараптар одан арғы ынтымақтастыққа, партиялық және депутаттық делегациялар алмасуға мүдделі екендіктерін білдірді.