10 шілде 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының Түркістан облыстық филиалы
«Ақ жол» фракциясының төрағасы Азат Перуашев іссапар барысында Арыс қаласына табан тіреді. Сонымен қатар, Арысқа партия төрағасының орынбасары Қазыбек Иса, партияның Шымкент қалалық және Түркістан облыстық филиалдардың басшылары барды.
«Қала бойынша шатырдың ауыстырылып жатқаны қуантады. Ескі шиферлердің орнына жаңалары салынуда. Қала күнделікті өміріне қайт келуде, дүкендер, базар жұмыс істеп жатыр. Бұрынғыша әскерилер көп болғанымен, құрылысшылардың да көп екендігін байқаймыз», - деді депутат.
Облыс әкімі хабарлағандай, қала Қазақстан аймақтарының санына сәйкес 17 аумаққа бөлінген. Перуашев қалпына келтірілуі Отырар ауданы мен Батыс Қазақстан облысы жауапты 11 аумақтың штабында болды. Қазіргі кезде штабта отбасыдағы әрбір жанға 100 мың тг өтемақы төлеу үшін зардап шеккендердің құжаттарын қабылдау жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жерге, сондай-ақ, қираған ғимараттарды тексеріп, олар бойынша шешім қабылдайтын бағалау комиссиясының мәліметтері де түседі.
Аудан әкімінің орынбасары Рыскелді Әбіш «ақжолдықтардың» барлық сұрағына жауап берді. Жағдайдың барлық қырымен таныс ол қалпына келтіру жұмыстарына көңілі толмайтындардың барын жасырған жоқ.
«Кеше сондай 350 азаматты жинадық, талаптары бойынша талқылау өтті. Негізінен, адамадар 50 жылғы ескі саман үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізудің тоқтатылуын, жаңа заманауи үйлердің салынуын сұрайды. Қажет жағдайда біз ескерілмеген, не байқалмаған зақымды тексеру үшін қайтадан комиссия жібереміз. Барлығы анықталған соң, мәселе шешіледі деп үміттенеміз. Әзірге қалпына келтіруге жарамсыз деп екі үй танылды», - деді Әбіш.
«Ақ жол» өкілдері жарылған қоймаларға жақын орналасқан Әкімбеков көшесіндегі қатты зақымдалған үйлердің біріне табан тіреді. Отанасы Нұрсұлу Тұрсынбаева қираған шатырын, жарылыстан опырылған терезе-есіктерін көрсетті. Есік алды сынған материал, жиһаз, заттарға толы. Үйдің қасбеттік қабырғасы сынып, қисайған екен. Отанасы комиссияның шешімін күтіп отырғанын және олардың үйдің жарамсыз деп танылуын сұрағанда ештеңе айтпағанын айтады. Оның сөзінше, жұмысшылар бригадасы шиферді алып тастағаннан бері бірде-бір рет келмеген. Сынған бөлмелердің бірінде мүгедек жары жатыр. «Ақжолдықтар» отбасыға қаржылай көмек көрсетті.
Темір жол вокзалына қарама-қарсы орналасқан ғимараттар қатты зақымданған. «Ағабек» мейрамханасы, дүкендер, кафе, әскери комендатура қирап, толығымен жанып кеткен. Мейрамхана иесі Гүлмира Дүйсенова әкімдіктің 850 шаршы метр көлемдегі ғимаратты толығымен қалпына келтіретіндігіне уәде бергенін айтты. Алайда, кәсіпкердің сөзінше, ғимараттың өзі қалпына келтірілгенімен, оның жабдықталуы, тұрмыстық заттары (плита, тоңазытқыш), ыдыс-аяғы мен жиһазы қымбатқа түседі.
«Мен мейрамхананы қалпына келтіре алмаймын. Сол себепті балаларымды аяққа тұрғызу үшін, оның қаржылай өтемақысын төлеуін сұраймын. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері барлық кәсіпкерлерге кепілсіз 1%-дан төмен шартпен 5 млн тг беріліп жатқанын айтты. Мүмкін, 5 млн-ға кішігірім дүкенді, не кішігірім кафені айналымға келтіруге болатын шығар, бірақ толық бір мейрамхананың емес. Неисе көлемін арттыруды да сұрамаймын – бизнесті қайта көтеруге күш жоқ», - дейді төрт баланың анасы, жесір әйел.
Азат Перуашевтің Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы іссапары жалғасуда. Келесі кездесу Шымкент трансформатор зауытының ұжымымен өтеді.