10
Шілде

Меруерт Қазбекова Павлодардағы шағын және орта бизнестің өкілдерімен кездесті

10 шілде 2019 жыл, «Ақ жол партиясының Павлодар облыстық филиалы

Депутат Қазбекова мен «Ақ жол» партиясының облыстық филиал өкілдері шағын бизнестің өкілдері – «Шебер» тігін фабрикасының жұмысшыларымен кездесті. Фабрикадағы жұмысшылар саны 60-тан асады – олар металлургия мен мұнай өңдеуші зауыт пен ірі кампанияларына арнайы киім тігетін тігіншілер. Депутат «Ақ жол» партиясының жұмысымен таныстырды. Кездесуге қатысушылар мемлекеттік тапсырыстарды алу, дайын өнімді шығару, салық төлеу, зейнетке шығу сынды түрлі сұрақтарын қойды. Қазбекова қойылған сауалдардың барлығына жауап беріп, өз бақылауына алатынын айтты.

Күннің екінші жартысында халық қалаулысы «Троя» ЖШС ұжымымен кездесті. Өнеркәсіп ірі зауыт пен компанияларға өндіргіш метал шкафтарын шығару және қалалардағы саябақ пен гүл бақтарына арналған метал қоршауларын жасаумен айналысады. Кәсіпорында 60-тан адам жұмыс жасайды.

Бүгінгі таңда «Троя» ЖШС өндірістің жаңа бағытын – отандық жиһазды шығаруды қолға алған. Ол үшін неміс жабдықтары да сатып алынған.