11 шілде 2019 жыл, «Ақ жол партиясының Павлодар облыстық филиалы
Қазбекова бір топ Мәжіліс депутаттарымен бірге энергетик пен шахтерлардың отаны – Екібастұз қаласына барды. Олар онда жергілікті кәсіпкерлермен, көпбалалы аналармен кездесіп, бірнеше нысандарды аралап қайтты.
Бірінші кезекте мәжілісмендер жергілікті бизнес өкілдерімен кездесті. Олар жылумен қамтамасыз ету сынды мәселелерімен бөлісті.
Бұл кездесуден соң, халық қалаулылары астанадан қалаға «Нұрлы Ертіс» бағдарламасы бойынша көшірілген көпбалалы аналармен кездесті. Қазірге астанадан 100-ден аса отбасы көшірілген, оның ішінде 500 шақты бала бар. Мұнда оларға қолайлы жағдайлар жасалған: жұмысқа, мектеп пен балабақшаларға орналастыру, баспана алу. Көшірілгендердің барлығы төмен бағада жалға пәтер алуда.
Депутаттар, сондай-ақ, оқу орталығының құрылыс жұмыстарымен танысты. Құрылыс нысанының 10 жыл бойы салынып келе жатқанын айту керек. Былтырдан бері құрылыс қайта жанданып, оны 2020 жылы аяқтау қолға алынған.
Мәжілісмендер мектепке дейін білім беру ұйымдарының педагогтарымен кездесіп, білім беруідің жаңа жүйесі бойынша сұрақтарын қойды. Депутаттар инклюзивті білім беру мәселесін бақылауға алуға уәде берді.