16
Тамыз

Бүгінгі бүлдіршін – ертеңгі ел тірегі: «Ақ жол» партиясының Ақмола облыстық филиалы спорт күніне орай «Көңілді старт» спорттық жарысын өткізді

16 тамыз 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының Ақмола облыстық филиалы

«Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалы және «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Көкшетау қаласының №35 «Болашақ» балабақшасында спорт күніне орай «Көңілді старт» спорттық жарыстары өткізілді.

Партияның Ақмола облыстық филиалының төрағасы Бақыт Смағұл, партияның облыстық филиалының мүшелері, БАҚ өкілдері мен балабақша ұжымы қатысқан шарада еліміздегі бұқаралық спортты балалық шақтан бастап дамыту мақсаты көзделді.

«Елімізде салауатты өмір салтын дамыту, әрі оны кішкентай бүлдіршіндерден бастау еліміздің болашағы үшін аса маңызды. Сондықтан да спорт мерекесін бүлдіршіндермен бірге балабақшада ұйымдастырғанды жөн санадық», - дейді филиал төрағасы Бақыт Смағұл.

Алдымен төрт топқа бөлінген балабақшаның жас спортшылары ортаға шығып, салтанатты түрде әнұран ойналды. Кішкентай бүлдіршіндер жүргізушінің белгісінен кейін бірден қызықты да тартысты спорттық сайыстарға кірісті. Қызықты ойын өрнегін көрсеткен бүлдіршіндердің шалт қимылдары мен көз ілеспес жылдамдықтары көрерменнің ыстық ықыласын аударды. Балабақша ұжымының аталған шараға үлкен әзірлікпен келгені бірден байқалды. Балдырғандар спорт тақырыбында өлеңдер оқып, бірқатары спорттық өнерлерін көрсетті.

Өз кезегінде сөз алған «Ақ жол» Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары Есболат Дүйсенбаев бүлдіршіндерді спорт күні мерекесімен құттықтап, балабақша ұжымы мен балаларға ақжарма тілегін білдірді.

Сайыстан кейін балабақшаның кішкентай бүлдіршіндеріне «Менің отбасым» («Моя семья») отбасылық дүкенінің иесі, кәсіпкер Мырза Құрманғалиев демеушілік көрсетіп, барлық балабақша балдырғандарына арнап сыйлықтар ұсынды.