18
Қыркүйек

Санат жоқ 18.09.2013

«Ақ жол» ҚДП фракциясы Үкіметтен тез арада шаруа қожалықтарынан астықты сатып алуды бастауды сұрайды

18 қыркүйек  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
            «Ақ жол» ҚДП фракциясы Үкіметтен тез арада шаруа қожалықтарынан астықты сатып алуды бастауды сұрайды – тиісті сауалды  бүгін Мәжілістің  пленарлық отырысында депутат Светлана Қадралиева жария етті.
«Еліміздің астық егетін  өңірлеріндегі  шаруалар мен фермерлерден «Ақ жолға» келіп түсіп жатқан өтініштеріне сәйкес, бүгінгі астық нарығында қалыптасқан ахуал қатты алаңдатады», - деп көрсетілген сауалда.
Әңгіме ауа-райының қолайсыздығына байланысты жинау жұмыстарының тиімді мерзімін қысқарту туралы болып отыр: жаппай егін ору науқанын бастау едәуір кейінге шегерілген болатын,  бұл ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер үшін қосымша тәуекелдер туындатады. Көптеген жерлердегі дәнді дақылдардың пісіп жетілмеген, егіннің жалпы көлемінің жемдік астық санатына өтуі тауарлық астықтың сапасы жөніндегі қауіпті дәлелдейді.
Аймақтардың хабарлауы бойынша, солтүстік облыстарда 3-ші топтағы тауарлық астықтың нарықтық құны бір тонна үшін 26-28 мың теңге деңгейінде болып отыр. Осы уақытқа дейін «Продкорпорация» АҚ-ы  азық-түліктік астықты сатып алу бағасын жарияламаған, осыған байланысты бағаның қисынсыз түсуінің жағымсыз беталысы күшейіп барады.
«Егін егетін шарушылықтарға егін ору жұмысын жалғастыру үшін ЖЖМ сатып алу және қызметкерлердің жұмысын төлеу қажет. Нәтижесінде, олар «Продкорпорация» АҚ-ның сатып алу саясатының жоқ болғанын тиімді көретін  трейдерлік компанияларға жиналған егінді тым арзанға сатуға мәжбүр», - деп атап көрсетті С.Қадралиева.
«Ақжолдықтар» айқын деректерге назар аударады, жиналған және сақталған азық-түліктік астық күтілгеннен аз болып шықса, яғни – жуық арада оған нарықтық баға тек қана өсетін болады. Алайда мұндай жағдайда, болашақтағы бағаның өсуінен астықты өсіріп және жинап-терген ауыл еңбеккерлері емес, әдеттегі алыпсатарлар ұтады: «Мұны соңғы екі аптада трейдерлер тарапынан бағаны төмендету динамикасы да айғақтайды. Жоғарыда көрсетілген 26-28 мың теңге нарықтық бағаға қарамастан, Қостанай және Ақмола облыстарынан астықты 15-17 мың теңгеге сатуға жасалған ұсыныстар туралы хабарлайды. Ал ауылдықтардың амалы жоқ, себебі оларға жиын-терінді аяқтап, адамдарға жалақысын төлеу керек!».
«Ақ жол» фракциясының депутаттары, мұндай жағдайда осы шектілікті анықтап және шаруалардың шығынын шектеу үшін, тез арада астықтың бағасын 30 мың теңге бойынша сатып алуды бастау қажет деп есептейді. Олар Үкіметтен тез арада астық нарығында мемлекеттік интервенция үдерісін бастауды өтініп, сонымен бірге осы уақытқа дейін неге мұның болмағаны туралы объективтік себептерін айтуды сұрайды. 
 «Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыруды және ауылшаруашылық тауарларын өндірушілердің мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастыра береді.