18
Қыркүйек

Санат жоқ 18.09.2013

«Ақ жолдың» депутаттары Алматы базарларында зардап шеккен кәсіпкерлерге тиісті көмек көрсетуді өтініп Үкіметке жүгінді

18 қыркүйек  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жолдың» депутаттары Алматы базарларында зардап шеккен кәсіпкерлерге тиісті көмек көрсетуді өтініп Үкіметке жүгінді - бүгін Мәжілістің  пленарлық отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың атына Талғат Ерғалиев  «Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалын жария етті.
Әңгіме осы жылдың 13 қыркүйегінде Алматы қаласында «Олжа», «Керемет», «Аян» және «Алатау» базарларындағы өрт туралы болып отыр.
Өрттің аумағы 5,4 мың шаршы метр болған, соңғы мәліметтерге сәйкес әрқайсысында бірнеше адам жұмыс істеген 309 бутик толық өртенген. Ондаған және жүздеген кәсіпкерлер шығынға батқан, көпшілігі күнделікті өмір сүру мүмкіндігінен айырылған.
«Өрттің лезде таралуына қоймалар мен сауда контейнерлерінің тығыз орналасуы себеп болған. Саудагерлердің арасында дүрбелең туындап, мародерлік іс-әрекеттер орын алған. Көптеген куәгерлер сөндіру қызметі тиімсіз жұмыс атқарғанын хабарлайды. Оны мыңдаған өрт сөндірушілер мен жүздеген техниканың тартылғанына қарамастан өрттің тек 16 сағаттан кейін ғана сөндірілгені айғақтайды», - деп көрсетілген сауалда.
«Айта кету керек, базарлардағы кәсіпкерлер олигархтар емес, олар түрлі себептерге байланысты кәсіптің осы түріне ауысқан және үйлеріндегі жалғыз асыраушысы болып отырған қарапайым әйелдер, - деп атап көрсетті Т.Ергалиев. – Олар өте ауыр жағдайда қалып отыр».
Сауалда Алматы әкімдігі тарапынан қарастырылған шаралар туралы ақпараттар келтіреді: банктермен несие төлеу мерзімдерін шегеру, жаңа сауда орындарын табу бойынша келіссөздер жүргізілуде.
Сонымен, «Ақ жол» депутаттарының ойынша, келтірілген шығын көлемдерінің ауқымдылығын еске алсақ, жүргізіліп жатқан шаралар тіпті жеткіліксіз - жүздеген зардап шеккен кәсіпкерлер бала-шағасымен далада қалып және олардың отбасылары болашаққа деген қандай да бір үмітсіз бейшара өмір сүруге ұшырау қаупі тұр.
Сауалда көрсетілгендей, «өрттің ауыр зардабы бизнесті жүргізудің қарапайым тәртібін сақтамауынан туындап отыр, тауарлар сақтандырылмаған. Оның үстіне, зардап шеккен базарлар заңсыз жұмыс жасаған, оның ішінде өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмегендіктен бұдан бұрын олардың жұмысы сот шешімдерімен тоқтатылған болатын».
«Ақ жол» фракциясы осындай зор шығынға әкелген әрекетсіздіктің кінәлілерін, сот орындаушыларды, өртке қарсы қызметті және басқа да уәкілетті органдарды жауапқа тартуды талап етеді. Өртенгендердің хабарлағанындай, базардың жұмысын жалғастыру үшін белгісіз тұлғалар олардан үзбей ақша жинаған.
Сонымен қатар, «ақжолдықтар» кейбіреулердің зардап шегушілердің мемлекеттен көмек талап еткені орынсыз, өйткені бұл жеке бизнес және мемлекеттің осы жағдайға қатысы жоқ деген сөздерін нағыз сорақылық деп атады. «Зардап шегушілер адал салық төлеушілер болып табылатынды, - деп ескертеді депутаттар. - Сондықтан олар өз мемлекетінен мұндай көмек сұрауға құқылы.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыруды және қазақстандық кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастыра береді.