16
Қыркүйек

Санат жоқ 16.09.2013

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев «Ақ жолдың» экономиканың басым салалары үшін ҚҚС-ның сараланған салалық мөлшерлемелерін енгізу туралы ұсынын қолдауға дайын

16 қыркүйек  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев  «Ақ жолдың» экономиканың басым салалары үшін  ҚҚС-ның сараланған салалық мөлшерлемелерін енгізу туралы ұсынын қолдауға дайын – бұл туралы ол өткен бейсенбіде, ҚР Парламенті мәжілісінің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінде салық салу мәселелері жөніндегі  заң жобасының таныстырылымында, демократиялық фракцияның көшбасшысы Азат Перуашевтің турасынан қойған сұрағына жауап беру кезінде мәлімдеді.
Хабарланғандай, одан бір күн бұрын Азат Перуашев ҚР Үкіметіне Еуроодақ елдерінің тәжірибиесі бойынша ҚҚС-ның сараланған салалық мөлшерлемелерін енгізуге қатысты «Ақ жол» фракциясының сауалымен шыққан болатын, және ауылшаруашылығы, машина жасау, жеңіл және тамақ өндірістері, дәрі-дәрмек, тұрғын-үй құрылысы, жасыл энергетика сияқты бірқатар басым салалар үшін  ҚҚС-ның сараланған салалық мөлшерлемелерін енгізу туралы мәселені қарауды ұсынған болатын.
Азат Перуашев заң жобасы таныстырылымының барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министріне «неге сіздің Салық кодексіне түзетулеріңіздің барлығы салық салу қорын кеңейтуге емес, тек қана  салық мөлшелерін өсіруге байланысты?», - деген мәселе қойды.
- Бюджетке түсімдерді бизнеске және тұрғындарға артық салыммен  қысым жасау арқылы емес, ал азаматтар мен кәсіпорындардың табыстарының өзі өсетіндей жағдай жасау арқылы арттыру қажет, сонда салық мөлшерлемелерін күшейтпей-ақ салықтар үшін база өсетініне - «Ақ жолда» сенімді.
А.Перуашев, Елбасының «Қазақстанның 2050  жылға дейінгі даму стратегиясында» өндіріс және жаңа технологиялар, ауылшаруашылығы және  рентабельділігі төмен салалар кәсіпорындары үшін қолайлы салық режімін енгізу бойынша міндеттер қойғанын министрдің есіне салды. «Өндірісті қолдауға байланысты түзетулер неге жоқ?» - деп сұрады депутат. Сонда біз, олардан салық жинау үшін кәсіпорындардың табысын өсірмейміз, тек жұмыс істейтіндерді одан әрі тонай беретін болғанымыз ғой».
«Ақ жол» партиясы және оның депутаттары қолданыстағы салық саясатын ұлттық индустрия мүдделеріне сай жаңғырту үшін әрдайым күш салып жүргенін еске саламыз. ҚҚС-ның  салалық мөлшерлемелерін енгізу туралы ұсыныс салық заңнамасын алдыңғы талқылауда «Ақ жол» партиясының депутаттарымен енгізілген, бірақ кері қайтарылған болатын.
Алайда, министр Е.Досаев осы жолы демократтармен айтылған  тәсілдемеге жеке өзінің жақтас болып табылатынына сендірді: «Мен келешегі бар бағыттағы салалық қолдау жағындамын. Біз барлық жеңілдіктерді тексеруді аяқтап қалдық, - деді А.Перуашевтің сұрағына жауап берген Е.Досаев, - Тексеру аяқталған соң, қаржының бір бөлігін типтік жеңілдіктерден босатамыз, ал бұл 1 триллион 251 миллиард теңге, біз бұны салалық бағытқа жібереміз және өндірістік кәсіпорындарды және инновацияларды қолдаймыз».
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және қазақстандық бизнестің мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастыра береді.