Мәжіліс депутаты Алмас Тұртаев Семей қаласында
2013 жылдың 20 тамызы, «Ақ жол» ҚДП-сы Семей қаласы
А.ж. тамыздың жиырмасында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Алмас Тұртаев іс сапармен Семей қаласында болды. Депутат жұмыс сапары кезінде Приречный ауылынданың тұрғындарымен кездесті. Кездесуде көтерілген өткір мәселелердің бірі Семей өңірінің экологиялық жағдайы, тұрғындар ол ең алдымен халықтың денсаулығы мен өміріне өте үлкен залалдар әкелуде, экологиялық қауіпсіздігі проблемасы бұрынғы Семей ядролық сынақ аланының аумағының радиоциялық ахуалымен тікелей байланысты дейді. Сол күні депутат Семейдегі ірі агрокәсіпорындардың бірі - «Приречный» ЖШС-нің директоры Мұхит Тұмабевпен кездесті, онда шаруа қожалықтары мен кәсіпорын арасындағы егіндік және жайылымдық жерлерге де байланысты туындап тұрған мәселелер де көтерілді.
Сонымен қатар, А.Тұртаев Семей қаласындағы өңірлік онкологиялық диспансерінде болып, онда мамандармен «дөңгелек үстел» өткізді. «Дөңгелек үстелде» Семей қаласындағы өңірлік онкологиялық диспасерінің директоры М.Н. Сандыбаев сөз сөйлеп атқарылып жатқан жұмыстары жайлы айтты. Ол мұнда өңірдегі білікті мамандардың қызмет атқарып жатқанын айта келе, қазіргі нарық жағдайына байланысты, еңбек ақысының төмендігіне байланысты көптеген дәргерілердің коммерцияға кетіп жатқанын да атап өтті.
Депутат өз кезегінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің папиллома вирусына қарсы жасөспірім қыздарға екпе жүргізу туралы бағдарламасына тоқтап, «Ақ жол» партиясының жасөспірім қыздарға міндетті егілудің жүргізілуіне қарсы болғанын атап өтті, және оның қауiпсiздiгі жайлы күмәннің бар екені туралы да айтып, оны коммерциялық жобаға айналдырмау керек деп түйіндеді.
А.Тұртаев іс сапары барысында Семейдегі қарттар мен мүгедектер үйінде және «IN VITRO+» консультативтік-диагностикалық емханасы» ЖШС тәрізді әлеуметтік-медициналық мекемелерінде болып, атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты .
Мәжіліс депутаты сапарының соңында қаладағы бірқатар мәдениет орындарында болып, Семейдегі «Бейбітшілік мұражайын» аралап тамашалады.