10
Маусым

Санат жоқ 10.06.2013

«Ақ жол» ҚДП Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы болып, кәсіпкер және қоғам қайраткері Асқар Садықов сайланды

2013 жылдың 10 маусымы, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі.
8 маусымда Ақтөбе қаласында өткен «Ақ жол» ҚДП облыстық конференциясында өткір пікірталастардан кейін партияның Ақтөбе облыстық филиалының жаңа төрағасы сайланды.
2007 жылдан бастап жергілікті филиалда жікке бөліну байқалды: бір мезетте екі баламалы облыстық кеңес болды. Мәселен, сол кездегі филиалдың төрағасы Ізімғали Көбеновтің оппоненттері оны облыстық активпен және аудандық ұйымдармен байланысты жоғалтып алғанын айтып, 12 ауданның делегацияларының қатысуынсыз өткен конференцияның оның өкілеттігін 2007 жылдан әрі қарай созғанын заңсыз деп тауып, кінәлады. Өзара түсініспеушіліктің, қабыл алмаудың асқынғаны соншалық Ақтөбе облысынан съездерге және басқа іс-шараларға бір-бірінің өкілеттігін жоққа шығарған екі делегациядан келіп жүрді.
2011 жылғы сайлауалды съезден кейін партия төрағасы Азат Перуашев Ізімғали Көбеновке жікке бөлінушілікті жоюды және қайшылықтарды шешуді және филиалға бір төраға сайлап алу үшін біріктіруші конференция өткізуді тапсырды. Соған қарамастан, филиалдағы жікке бөлінушілік еңсерілмеді.
Оның үстіне, 2012 жылдан бастап, филиал құрамында филиалдың қатарлас үшінші төрағасын сайлап алған, үшінші топ пайда болды.
Облыстың өзінде мәмілеге келуге қол жеткізу мүмкін болмағандықтан, аудандық ұйымдардың көптеген өтініштері бойынша, 2012 жылдың жазында облысқа ҚДП-да көп жылдық өтілі және бай тәжірибесі бар Серікбай Тәшенов, Меруерт Қазбекова, Андрей Линниктен құралған Партиялық комиссия жіберілді.
Комиссия филиал құрамындағы қарсыласушы үш топпен де кездесулер өткізді және олардың келтірген дәлел-дәйектерін зерттеді. Нәтижесінде, 2007 жылдан кейінгі І. Көбеновтің өкілеттігінің ашық және заңды конференция өткізілмей, ұзартылғаны құжаттармен анықталды. Көбеновпен ұсынылған конференцияның хаттамасы облыстың көп аудандарынан өкілетті делегациялардың болмауына байланысты шын емес деп танылды.
Партия комиссиясының ұсынымы бойынша, Орталық Кеңес Президиумы Көбеновтің де, басқа да өзін-өзі филиал төрағаларымыз деп жариялағандардың да өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдап, бір айдың ішінде барлық аудандық ұйымдардың және тайталасушы топтардың қатысуымен біріктіруші конференция өткізуге тапсырма берді.
Алайда, сол кезде І. Көбеновтің анасының ауыр жағдайда сырқаттанып жатқанына байланысты партия басшылығы конференцияны бір ай мерзімде өткізуді қатаң талап ете қоймады. 
Ақырында а.ж. 8 маусым күні қалыптасқан жағдайға байланысты партия төрағасының өзі жүргізген конференцияның өту барысында қақтығыстың барлық тараптарының және сөйлеуге тілек білдіргендердің барлығы да тыңдалды. Мұнымен қоса, ҚДП мүшелері болып табылмайтын (Н.Сисенбай, ЖСДП; Құбашева, Алға) адамдардың пікірталасқа араласу әрекеттері болды, сондай-ақ, конференция жұмысын филиалдағы ахуалды талқылаудың орнына филиал құзіретіне және бекітілген күн тәртібіне кірмейтін мәселелерге аударып жіберуге тырысқан арандатушылықтар болды. Мұндай әрекеттерге партия төрағасы  жол бермеді.
 Партияның байырғы мүшелерінің айқын басым көпшілігі - Қажымұқан Сатенов, Ибраишева Күләш, К.Жанұзақова, С.Нұрбаева, А.Құмақ, Қадырбай Бекмағамбетұлы және басқалары 2007 жылдан кейінгі филиал жұмысына теріс баға беріп, жаңа төраға сайлау керектігін айтты. Осы ретте, академик, партияның Ақылдастар алқасының төрағасы Амангелді Айталының өткір сөздерін ерекше атап өту керек.
Сөйлегендердің көпшілігінің алға қойған ұстанымдары айқын болғандықтан, дауыс беруге көшу кезінде І. Көбенов партбилетін үстелге лақтырып, бір топ әріптестерімен бірге конференцияны тастап шығып кетті.
Осыған байланысты, залда қалған конференция делегаттарын қайта тіркеу жүргізілді. Сонда, 50 делегаттардан және 80-нен астам бақылаушылардан, конференцияны 9 делегат және 20-ға жуық бақылаушылардың  тастап кеткені анықталды.
Конференция жұмысына қатысуды 50-ден 41 делегат жалғастырды. Кворумның болуына байланысты, конференция қабылданатын шешімдердің құқықтылығын растады.
Конференция үш топтың тайталасына қатыспаған, 40 жастағы кәсіпкер және қоғамдық қайраткер Асқар Садықовты филиалдың жаңа төрағасы етіп сайлады. Конференцияға қатысқан бұрын жөн-жосықсыз сайланған баламалы төрағалар өздігінен бас тартатыны туралы мәлімдеді және конференцияның шешімдерін мойындады.
Конференцияда сондай-ақ партия филиалы облыстық кеңесінің жаңа құрамы сайланды.