03
Маусым

Санат жоқ 03.06.2013

«Ақ жол» бюджеттің тапшылығының шекті мәнін заң жүзінде анықтауды ұсынады

3 маусым  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» фракциясы мұнайлық емес нақты салаларды дамытудағы экономикалық тоқыраудың айқындылығына байланысты бюджет тапшылығының шекті мәнін заң жүзінде белгілеуді ұсынады – деп Азат Перуашев өткен бейсенбіде Мәжілістің пленарлық отырысында 2012 жылға арналған бюджеттің орындалуы бойынша Үкіметтің және Есеп комитетінің Есебін талқылау барысында мәлімдеді.
Есеп комитетінің мәліметтері бойынша алдын ала нақтыланғанына қарамастан республикалық бюджеттің іс жүзінде тапшылығы жоспарланғаннан едәуір ауытқу үрдісі сақталып отыр, - деді парламенттік фракцияның көшбасшысы. – Бүгін бізге бюджетке «түзетулер» енгізу ұсынылды. Бірақ, 20 % дейінгі ауытқулармен бірнеше рет қайта қарауларды «түзетулер» деп айту қиын. Жалпы алғанда бұл нағыз секвестрлеу болып табылады. Бұндай секвестрлер 2008-2010 жылдардағы дағдарыстың қызған кезінде де болған жоқ.
Оның пікірінше, мұндай ауытқулар оны жоспарлағандардың да және бюджеттің бағдарламаларын қарастыратындардың да және оларды біріктіретіндердің де кәсіби біліктіліктерін өте жағымсыз түрде сипаттайды.
Сонымен қатар, мұнайлық емес тапшылықтың деңгейінің кәдімгідей жоғары екені көрсетіледі – 2011 жылға оның ІЖӨ үлес салмағы 6,4 % (1775,9 млрд.тг) құраған, 2012 жылға ол 7,6 %-ға дейін (2286,6 млрд.тг) өскен. Бұл дегеніміз шикізаттық емес сектордың өсу резервтерінің өте әлсіз іске қосылғанын білдіреді.
Осыған байланысты, «Ақ жол» парламенттік фракциясы бюджеттің тапшылығының шекті мәндерін заң жүзінде анықтауды ұсынады.
Осылайша фракциямен макроэкономиқалық саясат саласында ЕурАзЭҚ-на мүше мемлекеттердің ұлттық заңнаманы үйлестіру бойынша жұмыс шеңберінде бюджеттік кодекстерге мемлекеттік бюджеттің тапшылығының шамасын ІЖӨ 3 %  деңгейінде тікелей шектеуді қарастыратын ережені енгізу ұсынылды. Әдетте, ХВҚ қатысуымен дайындалатын тұрақтандыру бағдаламаларында дәл осындай бюджеттік тапшылықты шектеу қарастырылады.
Қазіргі түзету тұрақтандыру шеңберінен әлдеқашан шығып кеткен, себебі ІЖӨ тапшылығының пайда болуы 3 %-дан асып кеткен деп шамаланып отырғандықтан «Ақ жол» фракциясының депутаттары үкіметтің есебін бекітуге қарсы дауыс берді.