Үкімет жергілiктi өзiн-өзi басқару туралы заң жобасы бойынша «Ақ жол» фракциясының ұсыныстарының өзектілігін және уақытылы берілгендігін мойындады
15 мамыр 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Үкімет жергілiктi өзiн-өзi басқару туралы заң жобасы бойынша «Ақ жол» фракциясының ұсыныстарының өзектілігін және уақытылы берілгендігін мойындады – бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Бақытжан Сағынтаев ҚДП жетекшісі Азат Перуашевтің атына жазған хатында хабарлады.
Естеріңізге салайық, бұрында «Ақ жолдың» депутаттарымен көрсетілген заң жобасының бірқатар нормалары сынға алынған болатын. Жалпы алғанда өзiн-өзi басқару институтын құруды қолдай отырып, демократтар, сонда да әкімдерге берілген кәсіпкерлердің демеушілік жарғысының есебінен қор қалыптастыру құқығымен келіспеді.
«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясының көшбасшысы Азат Перуашев іс жүзінде «ерiктi-мәжбүр етуге» айналу қаупіне әкелетін бұл нормаға үзілді-кесілді қарсы шықты. «Негізінде бизнеске қосарланған салық салуды енгізу туралы әңгіме болып отыр. Мұндай заңсыз тәжірибеге мысалдар еліміздің оңтүстік өңірлерінде бар, - деді ол. Тендерлер өткізу кезінде кәсіпкерлерді 10 және одан да көп пайызды әкімдіктің жанындағы бюджеттен тыс қорға аударуға меморандумға қол қоюға міндеттейді. Ал енді мұндай бопсалау заңдастырылмақ».
«Ақ жолдықтардың» пайымдауынша, бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгiн ынталандыру тағы да әкiмшiлiк қысымға айналып кетуі ықтимал.
Демократтар сондай-ақ заң жобасында қарастырылған жергілікті әкімдердің қызметін мемлекеттiк сатып алулар туралы заңнамасынан шығаруға да қарсы шықты. Олар қаржыларды жұмсаудың нақты реттелген және ашық тәртібінің, және пайдаланылған қаржы үшін әкімдердің есептілігі жөніндегі талаптарының жоқтығы сыбайлас жемқорлыққа және ұрлық жасауға мүмкіндік беретініне сенімді.
Осыған байланысты, «Ақ жолдың» депутаттарымен жергілікті әкімдіктерді қаржыландыру көздерінен кәсіпкерлердің демеушілік жарғысын шығарып тастау, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржыларды пайдалану тәртібін нақты реттеу ұсынылған болатын.
Осы мәселелерді шешу үшін депутаттармен жергілікті әкімдіктерге қаржылардың түсу және оны пайдалану тәртібі Үкіметпен реттелуі тиіс деген Бюджет кодексіне түзетулер енгізілген болатын. Премьер-министрдің орынбасары Бақытжан Сағынтаев хабарлағандай бұл түзетулер қолдау тапты. Сонымен қатар, оның ақпараты бойынша, бұл нормаларды іске асыру мақсатында ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылу ережесіне өзгертулер және толықтырулар енгізу қарастырылуда.
Жергілiктi өзiн-өзi басқару туралы заңды жүзеге асыруда «Ақ жол» ҚДП фракциясының ұстанымының ескерілгенінің зор маңызы бар, - деп атап көрсетті бұған байланысты Азат Перуашев. «Ақ жол» өзінің құрылған күнінен бастап бүгінгі таңға дейін мемлекеттік басым мiндеттердiң ішінде маңызды демократиялық институттардың бірі ретінде жергілікті өзін-өзі басқаруды алға қойды. Бұл туралы 2011 жылы партияның сайлауалды тұғырнамасында да мәлімделген болатын. Мәселен, «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заңды, 2012-2020 жылдарға жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуды қолдау Мемлекеттік бағдарламасын»... дайындау және қабылдау қажеттілігі туралы сөз болған».
Осыған байланысты, жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңнамасында сыбайлас жемқорлықтық тәуекелдіктерді шығару және кәсіпкерлердің заңды құқықтарын сақтау бойынша «Ақ жолдың» ескертулері қабылдануына байланысты фракция депутаттары өткен пленарлық отырыста заң жобасын қолдады.
ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыруды және қатардағы қазақстандықтардың мүдделерін қорғау жұмысын жалғастыра береді.